Қайрат Нұртас өзінің жақын досына неге ренжулі?
Фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден
Мамыр айының жаңалығы болған "Бақай" мен "Азия" топтарының бірлесе орындаған несие туралы әніне сын айтушылардардың қарасы көбейіп келеді. Өздерімен замандас, хитмен Қайрат Нұртас та бұл әннің шығуына қарсы көрінеді. Бұл туралы мега-жұлдыздың жолдастарына деген видео-сәлемдемесінен байқауға болады.
"Кредит алмай-ақ жүрміз ғой нормально қыдырып. Кредит деген не ән анау, Ұялсаңдаршы сәл-сәл жігіттер! Ринат досым бол, не бол. шындықты айтамын досым, кішкене естуге тұрарлық ән шығарсаңдаршы.."
Досының ренішін естіген Ринат Баситов бұл видео жазбаны өз парақшасына салып, көшіліктің пікірін сұрапты.
Өз кезегінде, халыққа жақтайтыны да, даттайтыны да табыла кетті.
"Қайрат дұрыс айттыңыз. Түк таппағасын осылай өздерін қай жағына қоярын білмей жүргендер ғой", "Көп адамдар бұл әннің қандай мақсатта шығарылғанын түсінбей жүр. Қазіргі заман шындығы айтылған өте тамаша ән. Әрине, кредиті жоқ, жағдайы жақсылар түсінбейді. Алға баса бер, Қайратқа қоя бер деші", "МС Сайлаубекті де тыңдады ғой елдер. Оның қасында бұл түсінікті ән" деген пікірлер жазылуда.