Жақында күйеуге шыққан Қайрат Нұртастың директоры жары туралы айтты

0
3 847


Жақында күйеуге шыққан Қайрат Нұртастың директоры жары туралы айтты

Қайрат Нұртастың директоры болған Мира Келімбетова жақында күйеуге шыққан болатын. Соңғы кезде оның әрбір жазбасынан күйеуі туралы сөздерді оқуға болады. Мұны байқаған оқырмандары олардың махаббаттарына қызығып, ұзағынан болуын тілеуде.

Мира Келімбетова: "Сен маған майысуды үйреттің десем қалай? Ана күйеуі бар подругаларым, “Осы үйдің тірлігі бітпейді, надоел ше” деген сөздерін енді түсініп жатырмын. Бір құттай кухняда айналшықтап жүре бересің ба бірнәрсе ғой я. Еще күйеуің капризный болса обшым нерв боласың ғо. Алдыңғы постқа бір қыз “қолың ужасқо” деп жазып жіберіпті, біріншіден Алланың жаратқаны, екіншіден мынау қыз кезімдегі қолым, сонда қолымды осы үйдің тірлігі құртқан ғой я деп жылап жіберсең “Посуда, пол, ванная, мен енді сендерді жуғым келмейді” деп айтсам қалай болар екен а? Үндемеңдер, үйдегі кісі оқиды ғой, мынаны оқып аяп кете ма деген ой ғой әлгі жерде".




Мира Келімбетованың бұл жазбасын оқыған оқырмандары да күліп, оның тапқырлығына риза болуда. Сондай-ақ олар ақ ниеттерін де жарыса жазуда.

Естеріңізге сала кетейік, Мира Келімбетованың алғашқы некесінен екі ұлы бар.