"Жәним" дей салыңдаршы, еркелетіп": Мәдина Сәдуақасованы не мұңайтты?

0
2 581

Көпшілік оның ажырасып кеткенін жазуда.


Қазақ эстарадасының хас сұлуы Мәдина Сәдуақасованың соңғы кездегі жазбалары жұрттың алаңдаушылығын тұдыруда. Алғашында мұңлы махаббат туралы жазып назар аударса, кейіннен өзгерген образдарымен желі оқырмандарын бір шулатып қойды.

Ал екі күн бұрын әнші өзінің бірнеше жыл бірге жұмыс істеген ұжымымен қоштасқанын жазды.

"Барлықтарыңызға қайырлы күн ! Орыстар айтпақшы “ Дүйсенбі ауыр күн” деп, бүгінгі күн мен үшін де қиындау болып тұр , өйткені, менің командамдағы, ұжымымдағы осы уақытқа дейін жұмыс жасап келген барлық адамдармен қоштасатын күн ( Әрқайсысы адал, таза, еңбекқор жан, кәсіби маман, бірақ “ Әр нәрсенің өз уақыты бар ..” демекші , біздің де бір бірімізден алатынымыз да, беретініміз де таусылатын кез де келіп қалған сияқты! Адал еңбектеріңіз үшін көптен көп рахмет, мың алғыс , барлықтарыңызды ерекше жақсы көремін, сағынамын", - деген сөздеріне оның тағы бір өзгеріс жасағанын байқауға болады.

Оның бұл жазбаларын оқыған оқырмандары қандай күйзеліске түсіп, өмірінде нендей өзгеріс болғанын болжауға тырысуда. Десе де әншінің өзі жеке өмірі туралы ресми ақпарат бермеген. Тек өзін еркелеткенін қалайтынын оқырмандарына жеткізді.

Бұл жазбаларын көрген оқырмандары оған деген ыстық тілектерін жарыса жазып, оны шексіз құрметтейтіндерін жеткізді.