"Жәннатым өзін жарнамалағанды ұнатпайды": Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіден алыстауының себебін түсіндірді

0
5 548

Әнші отбасылық бизнес бастап жатыр.


Танымал әнші, инстаграм желісінің белсенді қолданушысы Алтынай Жорабаева соңғы кезде оқырмандарын сағындырып жүр. Іздеушілеріне жауап берген әнші, өздерінің отбасылық кәсіп бастап жатқандарын айтқан.

"Қайырлы кеш инстаәлем! "Кейінгі кезде инстаға неге кірмей кеттіңіз " деген сұрақтар көп келіп жүр дайректке. Себебі, жолдасыма жаңа жоба ұсынуда. Отбасылық бизнес. Келісім шарттарға отырудамыз . Алла бұйыртса аз уақыт қалды. Негізі Жәннатым (Ин Шаа Алла) өзін жарнамалағанды ұнатпайды. Тіпті қарсы... Амал жоқ, көнеді енді"


Осылай жазба жазып, сүйіктісімен сурет салған әншіні даттағандар да, жақтағандар да болған. "Екінші күйеуді жәннәтім деуге бола ма? Ол дұрыс емес", "бірінші күйеуің қайда?" деп мазалап жатқан оқырманға, Жорабаеваның жанкүйерлері "Әйелді түсініп, бақыт тілеу керектігін" алға тартқан.