"Жаным Қайрат" деп әндеткен жас әнші сынның астында қалды

0
4 459

Екі күн бұрын жас әнші Дана Кентай өзінің су жаңа "Жаным Қайрат" әнін жарыққа шығарған. Бірақ ол көпшілік тыңдарманға мүлдем ұнамағанға ұқсайды. Оған жас әншінің әлеуметтің желідегі парақшасына жазылған пікірлер дәлел.


"Жаным Қайрат" деп ән шығарған әнші сынның астында қалды.

Екі күн бұрын жас әнші Дана Кентай өзінің су жаңа "Жаным Қайрат" әнін жарыққа шығарған. Бірақ ол көпшілік тыңдарманға мүлдем ұнамағанға ұқсайды. Оған жас әншінің әлеуметтің желідегі парақшасына жазылған пікірлер дәлел.

aiz.aidana атты қолданушы "Қызықсың сен Дана, адам да осындай өлең шығара ма?" деп таң-тамаша болса, келесі aisha__baktybaeva: "Түк мәні-мағынасы жоқ ән ғой. Оданда бір хит болатындай сапалы ән шығармадың ба? Мүлдем ұнамады, саны бар сапасы жоқ ән" деп кіжінеді. Мұнан өзге теріс пікірлер жетіп артылады, ол Дананың шамына да тиген болуы керек. Өйткені әнші бірнеше уақыт бұрын оған төмендегідей жазба қалдырып, сынаушыларға жауап берді.

Дана Кентай: "Менің түсінгенім бойынша, бұл ән тек "Қайрат" есімді тыңдармандарға ұнаған секілді. Қайраттар рахмет айтып жатыр, басқаларының бәрі ұрысып жатыр. Сонымен,жігіттердің тарапынан қазақ қыздарының есіміне арналған: "Динара","Фарида","Камиллам менің","Әсілім жаным" т.б көптеген әндері бар екен.Ал қыздар тарапынан мүлдем жоқ. Мүмкін қыз балаға,оның ішінде қазақ қызына ер адамның атын атап ән айтқан ұят болар,тек намек тастап "Ұмыттың мені қалай","Сағындым сені","Махаббатым"-деп,атын атамай намекпен әндеткен дұрыс та шығар. Дегенімен ерекше болсын деп, қазақ ер азамытының есіміне арналған,оның ішінде қайсарлы "Қайрат" есіміне арналған ән айтқанның айыбы жоқ деп ойлаймын. Әннің мәтінінде қыз баланың абыройына нұқсан келтіретін ("өлем","сүйем","күйем"- деген секілді) сөздер қолданылмаған! "Қайрат" есімді еліне ерең еңбегі сіңген небір азаматтарымыз бар, болған. Одан еліміздің ең басты футбол командасы "Қайрат"! В конце концов "Антонио" немесе "Максим" деп әндетіп жатқаным жоқ қой. Сондыққан қатты сөкпей, жай ғана көңілді ән ретінде қабылдасаңыздар екен".

Фото: @danakentai

ERNUR.KZ