"Жастық челлендж": Отандық жұлдыздар жартылай жалаңаш эстафета бастады (фото)

0
2 604


ERNUR.KZ. Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері шетелдік атышулы челенджге қатысты. Өнер иелері өзгелерден қалыспай, жалаңаш денесін жастықтан жасалған көйлекпен жабуда, деп жазады kaz.nur.kz.

Әлеуметтік желіде асқан танымалдылыққа ие болған челленджге отандық өнер өкілдерінен Алтынай Жолдыбаева мен Медина Жалғасова сияқты әншілер мен стилист Мика Ізбассарова қатысты.

Олар өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жастықтан жасалған көйлектерін паш етті. Атышулы эстафетаны жалғастырған сылқымдарға қатысты халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі олардың батылдығына тәнті болса, енді бірі керісінше оларды сынап тастаған. Оған қоса, желі қолданушыларың көпшілігі бикештердің фотосы көңіл-күйді көтергенін айтуда.

"Карантин не істетпейді. Қалғаны осы еді" , "Өте күлкілі, шынымен көйлек па? Әлде жастық па?" , "Қалыспайды" , "Қазақстар да жатпайды. Жастық челленджі де келіп жетті елімізге" , "Қатырасыздар, ерекше эстафета екен" , "Шынымен көйлек сияқты болып қалыпты" , "Сұлусыз, сізге жарасымды" , - деп жазуда көпшілік.