"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек қызды болды

0
3 821

"Енді артынан атұстар дүниеге келсін"


"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек өзінің туған күнінде қызды болды. Әнші бұл туралы Instagram парақшасында жазып, қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөліскен.

"СҮЙІНШІ АҒАЙЫН!!! Бүгін қасиетті жұма күні, өзімнің туған күнімде Алланың қалауымен қызды болып жатырмыз,АЛЛАҒА шүкір. Туған күніме қызым ең керемет сыйлық болып келді! Ата анам келесі рет ата әже болып, қуанышымыз еселеніп жатыр, Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Қуанышымда шек жоқ! 19.07.2019 мен үшін отбасылық өмірімдегі тарихи күндердің бірі болды бүгінгі күні, ма шаа Алла! Құттықтап, тілек жазамын десеңіздер, мархабат!" - деп жазады әнші.


Желі қолданушылары әншінің сүйінші жаңалығына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырған.

"Туған куніңізбен катар келген кішкентай ханшайымның бауы берік болсын, әкесі құсап халықтың қызы болсын!", "Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Сіз үшін қуаныштымыз", "Енді артынан атұстар дүниеге келсін", деп жазды желідегілер.

ERNUR.KZ.