Олардың ойынша, Жұлдыздың дауысы Аманғали сияқты керемет емес екен.
Белгілі әзілкеш Аманғали Сыпабеков шоу бағдарламаға қатысып, өзінің әншілік қырын дамытып жатыр. Бірақ көпшілік оның жанындағы серіктесіне разы емес сияқты. Оған әлеуметтік желіде жазылған пікірлер дәлел бола алады.
Аманғали Сыпабековтың "Егіз лебіз" бағдарламасындағы жұбы Айқын Төлепбергеннің әйелі, әнші Жұлдыз Өмірғали.
Олардың бірге түскен суреттерін көрген оқырмандар "Аманғали, жұбыңыз сәтсіз шыққан, сізге диапазоны кең әнші қыз жұп болу керек еді, алда көреміз, бақылаймыз", "Аманғали от, ал Жұлдыз ұнамайды" деген сынды пікірлер көп екен.