​Адамдар мәңгі өмір сүретін уақыт анықталды

0
1 988

Адамның генін радиация әсер етпейтін, қартаю мен суық, тіпті қатерлі ісікке де тойтарыс бере алатын етіп өзгертуге болатын көрінеді.


​Адамдар мәңгі өмір сүретін уақыт анықталды

ERNUR.KZ. Ғалымдар адамдардың мәңгі өмір сүруіне мүмкін болатын жайт пен уақытты анықтады, деп жазады lenta.ru.

Олардың пайымдауынша, адамның генін радиация әсер етпейтін, қартаю мен суық, тіпті қатерлі ісікке де тойтарыс бере алатын етіп өзгертуге болатын көрінеді.

Шамамен 10 жылдан соң барлық вирустарға және қатерлі ісікке де бой бермейтін жаңа жасуша ойлап табу мүмкіндігі бар, дейді Genome жобасының ғалымдары. Мамандар мұндай пікірге ішек таяқшасын зерттеген соң келген. Ғалымдардың мәлімдеуінше, аталмыш микроағзаға 321 өзгеріс енгізген соң ішек таяқшасына басқа ешбір вирус әсер етпейтіні белгілі болған.

«Адам геніндегі әрбір ақуызды қайта бағдарлап шығу үшін шамамен 400 өзгеріске ұшырату керек», - дейді Гарвард университетінің профессоры Джорд Черч.

Профессордың пікірінше, адамзаттың 20 мың геніндегі артық кодондарды (генетикалық код бірлігі) жою қажет. Осылайша адамдарды болашақта радиацияға, қартаю мен суық, тіпті қатерлі ісікке де төтеп бере алатын етіп өзгеріс енгізуге болады дейді оқымыстылар.

Бөлісу