Алжудың алдын алуға болады

0
2 615

Адамның жасы егде тартқанда жүйелі түрде спортпен және физикалық жаттығулармен айналысу алжудың алдын алады. Қимыл-қозғалысы тұрақты адамдардың миы басқаларға қарағанда жақсы жұмыс істейтінін ғалымдар анықтап отыр.


Алжудың алдын алуға болады

фото: informburo.dn.ua

Адамның жасы егде тартқанда жүйелі түрде спортпен және физикалық жаттығулармен айналысу алжудың алдын алады. Қимыл-қозғалысы тұрақты адамдардың миы басқаларға қарағанда жақсы жұмыс істейтінін ғалымдар анықтап отыр.

2008 жылы Австралия ғалымдары 50 минут серуендеген егде жастағы жандардың есте сақтау қабілеті жақсаратынын дәлелдеген болатын. Осыны негізге алып ғалымдар 44 жыл бойы Швецияда өмір сүретін 200-ге жуық әйелге зерттеу жүргізеді.

Тәжірибеде әйелдерден велотренажердің педальдерін айналдыруын сұрап, олардың максималды түрде қанша энергия жұмсай алатынын өлшеген. Сонан соң осы зерттеуге қатысып жатқан әйелдердің есте сақтау қабілетінің қалай өзгергенін байқайды. 50 жылға жуық 200 әйелдің тек 5 пайызында есте сақтау қабілеті бойынша қиындықтар туғанын көрсетті.

Ендігі жерде ғалымдар ми, жүрек және тамыр арасында қандай байланыс бар екенін және оны қалай басқаруға болатынын анықтап көрмек.

Д.Медеуова,

ERNUR.KZ

дереккөз: EurekAlert