​Қант жемесе тұра алмайтын адамдардың 4 түрі: Олар қандай дертке шалдығуы мүмкін?

0
4 066

Қантқа тәуелдісіз бе? Яғни, тәтті жемесеңіз тұра алмайсыз ба?


​Қант жемесе тұра алмайтын адамдардың 4 түрі: Олар қандай дертке шалдығуы мүмкін?

Қалай болғаны? Қантқа деген тәуелділік ауру ма әлде оның басқа да себебі бар ма?

Алдымен қантқа тәуелділіктің 4 түрін анықтап көрелік. Мұнда әрбір түрінің өзіндікжәне жекелей себебі бар.


1-түрі: «Қант – қуат беретін өсімқор»

Созылмалы шаршауға шалдыққанда адам кофеин мен қанттың кепілдігіне алынады. Яғни, қуатты тек тәттіден алады.

Егер адамның тәтті жегісі келгенде (немесе кофеиннің белгілі бір мөлшері қажет болғанда) ол күн сайынғы шаршаумен байланысты болады. Мұндайда тамақтану тәртібін өзгерту, ұйқыны қандыру мен дене еңбегін алмастыра отыру әжептеуір нәтиже береді.

Қантқа тәуелділердің 1-ші түрі кофесіз, қуат беретін және құрамында кофеині бар алкогольсіз сусындарсыз өмір сүре алмайды. Мұндай сусындардың негізгі құрамы – қант пен кофеин, кейде амин қышқылдары мен өсімдік сығындысын қосуы мүмкін.

«Бос» калориядан тұратын мұндай қоспа ағзаға түскенде қандағы қант мөлшерін көтереді де, адам бойына қуат құйылғандай сезінеді. Бірақ бір-екі сағаттан соң ол бұрынғыдан да күшті шаршауды сезініп, тағы да тәттіні (немесе кофеин) көбірек қалайды.

Ол не істейді? Тағы да қуаттандырғыш сусынға қол созады. Яғни, шаршау сезімі қантқа деген тәбетті аша түседі. Ал қант шаршау сезімін тудырады.

Яғни, бұл жерде қантты пайдалану – өсімқордан несие алумен тең: «Алғаныңды өсімімен қайтаруың керек!» деген қағидамен жұмыс істейді.


2-түрі: «Бізді тамақтандыр, әйтпесе біз сенің түбіңе жетеміз»

Бүйрекүсті бездері, яғни «стреспен күресетіндер» шаршағанда тәттіге аңсар ауады.

Қарны ашқанда өзін бақылаудан шығарып алып, стрестің әсерінен тәттіні шамадан тыс көп жеп қояды. Оларға бүйрекүсті бездерін тексеру қажет.

Қантқа тәуелділердің 2-түріне үнемі айналадағы стресс тудыратын факторлар әсер етеді. Ол бүйрекүсті бездерінің белсенділігін арттырып, кортизол мен адреналин – стреспен күресетін гормондарды бөлуге мәжбүрлейді. Бүйрекүсті безіне түскен мұндай салмақтың әсерінен адам «қосымша қуат алу» үшін қантқа (тәттіге) қол созады. Бірақ оның нәтижесі уақытша ғана.

Содан кейін қан құрамындағы қант мөлшері төмендеп, гипогликемия пайда болады. Ми ашығып, тікелей мағынада тұншыға бастайды: құнар алып отырған глюкоза жетпей, осының әсерінен адам ашушаң, жүйкесі жұқарып, кейде ақыл-ой қабілеті кемиді. Тез арада бірдеңе жеу керек болады. Жегенде де тәтті бір тағам жеу керек. Бұдан басқа белгілері мұнан да жаман бола бастайды.

3-түрі: «Тәтті нандарды аңдушы»

Мұндайда тәттіге тым аңсары ауған адамның бойында ашытқының мөлшері шамадан тыс артып кетеді.

Әдетте созылмалы мұрынның бітелуі, спастикалық колит және ішектің тітіркенуі синдромы байқалса, міндетті түрде ағзадағы ашытқы мөлшерінің көбеюіне мән беру керек.

Қантқа тәуелді жандардың бұл түрін байқау қиын емес. Себебі олар таңертеңнен кешке дейін түрлі тәттілермен жүрек жалғап, тіскебасарға да тәттіні таңдайды. Сонысымен олар өздерін ғана емес ағзадағы өмір сүріп жатқан ашытқыларды да асырап жатқандарын білмейді.

Бұл жерде қамыр ашытатын ашытқыны емес, асқазан-ішек жолдарында көбейетін және қант пен басқа да көміртектермен қоректенетін Candida albicans туралы айтып отырмыз.


4-түрі: «Күйзеліс кезінде көміртекті қажет етеді»

Мұнда көбіне тәттіге деген тәбеттің артуы менструация, менопауза немесе андропаузамен байланысты.

Әйелдердің айлық белгісі көрінетін кезде тәттіге тәбеті ашылуын эстроген мен прогестеронның әсерінен деп түсіндіруге болады. Жас әйелдерге қарағанда ересектерде аталған гормондардың жетіспеушілігі көбірек байқалып, қантқа деген тәбеті көп байқалады.

Ал еркектерде бұл белгілер андропаузамен, яғни, тестостеронның жетіспеушілігімен байланысты. Сонымен қатар, еркектерде түйінді мәселе пайда болғанда да тәттіге қол созады.


Қантқа тәуелді адамдардың қай түріне жататыныңызды төмендегі тест арқылы анықтай аласыз:

Қантқа тәуелділіктің 1-түрі - тест

Қантқа тәуелділіктің 2-түрі - тест

Қантқа тәуелділіктің 3-түрі - тест

Қантқа тәуелділіктің 4-түрі - тест

Дж.Тейтельбаум, К.Фидлердің "Без сахара" кітабынан