Тест нәтижесінде қантқа тәуелділіктің 2-түрі анықталады.
Жиі су ішкіңіз келеді және кіші дәретке де жиі шығуға тура келеді (10 ұпай)
Тамағыңыз жиі ауырады және таңдай бездері ісініп кетеді (10 ұпай)
Өміріңіз тек дағдарыстардан ғана тұратындай көрінеді (15 ұпай)
Шынында да дағдарысқа тап болғанда бойыңызға қуат келіп құйылғандай сезінесіз (15 ұпай)
Стресс кезінде күш-қуатыңыз бірден әлсірейді (15 ұпай)
Кейде орныңыздан тұрғанда басыңыз айналады (15 ұпай)
Созылмалы шаршауды, үнемі күш-қуаттың әлсіреуін сезініп жүресіз. Соның әсерінен кейде ауырып қаласыз немесе стреске шалдығасыз (25 ұпай)
Қарныңыз ашқанда өте күйгелек, ызақор болып кетесіз. Кейде тез арада бірдеңе жемесеңіз, үзіліп кетердей сезінесіз өзіңізді (35 ұпай)
Нәтижесі:
0-24. Дұрысы, Сіз бүйрекүсті бездері сау, өзін қалыпты ұстай алатын жансыз.
25-49. Сізде адреналиндік шаршаудың бастапқы кезеңі.
50-75. Тест нәтижесі бүйрекүсті бездері қызметінің әлсірей бастаған бастапқы кезеңін көрсетеді. Ағзаңыз қолдау көрсетуді қажет етеді.
75-тен жоғары. Бүйрекүсті бездерінің қатты шаршағанын білдіреді, сондықтан өзіңізді соншалықты нашар сезінесіз.