Науқастар мен жүкті әйелдерге жоспарлы тексерілу туралы SMS жіберіледі

0
1 492

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


Науқастар мен жүкті әйелдерге жоспарлы тексерілу туралы SMS жіберіледі

Электронды үкімет порталына тіркелген науқастар мен жүкті әйелдерге жоспарлы тексерілу туралы SMS жіберіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Электронды үкімет порталында құлақтандыруға қатысты үш қызмет бар. Егер электронды үкіметке тіркеліп, e-mail немесе sms түріндегі қызметті таңдасаңыз және диспансерлік науқастар тізімінде болсаңыз, жүйе автоматты түрде жоспарлы тексерілу туралы хабарлама жіберіп отырады. Екінші қызмет - жүкті әйелдерді жоспарлы тексеру және үшінші қызмет - жоспарлы түрде емдеуге жатқызу. Егер порталда белгілі бір аурухананы күту датасы қойылса, ақпарат блокчейн технологиясы негізінде өзгертілмейтін, редакцияланбайтын сипатта сақталады», - деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге, вице-министр қазіргі уақытта «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталының науқастарға қолжетімді екенін еске салды.

«Бюро порталында ЖСН арқылы тегін медициналық көмек алу үшін сізді қай емханаға, қай ауруханаға жібергенін анықтауға болады. Өзіңізбен соңғы 10 күнде жасалған зертханалық зерттеу қағазын және жеке куәлікті алып жүру керек. Куәліктегі штрих-код арқылы электронды жүйеден жолдама немесе жоспарлы емдеуге жатқызу туралы ақпараттар алуға болады», - деп өз сөзін толықтырды Олжас Әбішев.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы медициналық ұйымдар науқастарды қағазсыз қабылдауға көшеді. Сәйкесінше, науқастарға амбулаториялық карталар мен флюрографиялық жазбаларды алып жүрудің қажеті болмайды.