2019 ЖЫЛҒА сізге ҚАЖЕТТІ 9 өмір САБАҒЫ

0
2 684

2019 жылы өткен жылдағы қателіктерге жол бергіңіз келмесе, өзіңізге қажетті «сабақтар» тізімін жасап, оны күнде оқуға әдеттенгеніңіз жөн.


2019 ЖЫЛҒА сізге ҚАЖЕТТІ  9 өмір САБАҒЫ

фото: yashel-uzan.ru

Жыл аяқталуға жақын тұр, әкімдер есеп беруге дайындалып жатқан болар. Сіз ше, өзіңізге-өзіңіз бір жылдың есебін беруге дайынсыз ба? Еске түсіріңізші, бұрынғы қателіктер қайталанды ма? Ал, 2019 жылы ескі қателіктерге жол бермес үшін не істемексіз?

Бұл тұрғыда не істеу керектігін әлі ойлап үлгермеген болсаңыз, онда менің кеңесіме жүгініп көріңіз.

2018 жылда жасаған қателіктер мен жетістіктеріңізді екі бағанға жазып шығыңыз. Есіңізде қалған сәтті және сәтсіз оқиғалардың да тізіміңіз жасаңыз. Жазғаныңызды қайталап оқи отырып, өзіңізге қажетті бірнеше сабақты жазыңыз. Сосын оның әрқайсысын үлкен әріптермен жазып, өзіңізге ыңғайлы жерлерге іліп, бұл «сабақтарды» күнде оқуға тырысыңыз. Мысалы, біреуін компьютеріңіздің қасына, екіншісін жатын бөлмеңізге, үшіншісін тоңазытқышта...


Үлгі ретінде келер жылға арналған мынандай 9 сабақты пайдаланып көріңіз!


1-САБАҚ: Сүрінген тасқа екінші рет тағы да сүрінбеу үшін, оны жолдан алып тастаңыз немесе басқа жолмен жүріңіз.


2-САБАҚ: Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

5-сыныпта оқыған А.С. Пушкиннің Салтан Патша жайындағы ертегісін есіңізге түсіріңізші! Бір үйдің үш қызы бар. Салтан патша неге сұлулығы мен ақылы бірінен-бірі асқан осы үш қыздың кішісіне үйленді? Өйткені, ол мүмкіндікті пайдалана білді. (Ертегіні интернеттен тауып оқып шығыңыз)


3-САБАҚ: Не болса соны жей бермеңіз, кім болса сонымен араласып сырыңызды айта бермеңіз!

Қытайда «Егер итпен бірге жатсаң, азанда денеңнен кене табасың» деген нақыл бар. Сіз өзгенің жаман қасиеттерін бойыңызға сіңірмеуге қаншалықты сенімді болғаныңызбен, көп сөйлесетін адамыңыздан мінез, әдет денеңізден табылған кене секілді жұқпай қоймайды.


4-САБАҚ: Өміріңіздегі ауырды – жеңілге, қиынды оңайға айналдыру үшін, қажетсіздерден тазарып отыруға дағдыланыңыз! Артық салмақ денсаулыққа қаншалықты зиянды болса, қажетсіз артық заттар мен ақпараттар да соншалықты зиянды. Тоңазытқышт ашыған, көгерген, жарамсыз азықтардан тазалағандай, өміріңіздегі негативті адамдардан да солай арыла біліңіз.


5-САБАҚ: Ой=Қуат. Нені (немесе кімді) көп ойласаңыз – қуатыңызды сол нәрсеге жұмсалады. Ендеше, күш-қуатыңызды жағымсыз жайтқа, түкке тұрғысыз мәселелерге шығындамаңыз.


6-САБАҚ: Бір данышпанның қыздарға арнап айтылған мынандай ақыл сөзі бар: «Өмір сүруге, бірге тұруға жайлы әрі ыңғайлысын емес, онсыз өмір сүре алмайтыныңды таңда!»

Тек жар емес, өмірдегі барлық таңдау сәтінде осы ақылман сөзге ерсеңіз, қателеспейсіз!


7-САБАҚ: Түзeлмeйтiндi түзeтeм дeп əурeлeнбeңіз.

8-САБАҚ: Айтыңызшы, тәтті дәрі бар ма? Тәніңізді қинаған аурудан ащы дәрі айықтырады. Өміріңіздегі қиындықтардан, мәселелерден құтылғыңыз келсе, күш жұмсап, ащы тер шығаруға тура келеді. Онсыз ешнәрсе өзгермейді.


9-САБАҚ: 2018 жылда киімдеріңіз, бұйымдарыңыз, қолданатын тұрмыстық заттарыңыз бен ұялы телефоныңыз жаңарды. Сол сияқты жұмыс, таныс, көрші-қолаң, айналаңыздағы адамдар да жаңарған болар. Иә, көп нәрсе өзгерді. Бірақ, көзқарасыңыз бен таным-түсінігіңіз, ойыңыз өзгерді ме? Өміріңізге өзгеріс енгізудің ең оңай жолы – ойды өзгерту керек.

Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


КҮЙЕУІМді беремін, КІМГЕ КЕРЕК?

Байлыққа қол жеткізе алмай жүрсіз бе?

Жездем адам емес "ҚҰБЫЖЫҚ" болып шықты