​Арманыңызды «орындайтын» СУПЕР техника

0
2 594

Ғажайыпқа сенесіз бе?


​Арманыңызды «орындайтын» СУПЕР техника

фото: www.sibirskiyshamanizm.com

Армансыз адам жоқ. Өмірлік тәжірибесі мол адамдар «Армандар орындалады» деген түсінікпен келіспейді. Олар «Арманды адамның өзі орындауы керек» дейді.

Бұл не нәрсе де тек еңбекпен келеді дегенді меңзейді. Дұрыс-ақ. Бірақ эзотерика мамандары ойша жұмыс істеп арманды жақындатуға болатынын айтады. Арманға ойша жақындау адамды іс-әрекетке көшіреді екен. Бұл орайда түрлі техника бар. Соның бірін назарларыңызға ұсынамыз.



Бірінші қадам

Көзіңізді жұмып, екі өмір бар деп ойлаңыз. Біріншісі – қазіргі өзіңіздің өміріңіз, ал екіншісі – арманыңыздағы зат (адам) бар өмір.

Әрине, біріншісі, яғни қазіргі өміріңіз өзіңізге таныс, сондықтан оны ойша елестету қиын болмас. Қазіргі өміріңізді үлкен суретке сыйғызыңыз. Нақтырақ айтқанда, ойша сурет салыңыз. Содан соң арманыңыздағы зат бар өмірді суреттеңіз.

Мысал: Сіз қызыл түсті көлікті армандап жүрсіз делік. Жаңа көліктің маркасы қандай? Оның бағасы қанша? Ойша есігін ашып, рөліне отырып көріңіз. Тест-драйв жасаңыз да болады. Дөңгелектерін ұстаңыз, сипалаңыз. Кәдімгі шынайы өмірде сол көлікті ұстағандай сезімде болыңыз. Арманыңыздағы көліктің іші-сыртын ойша анық көріңіз. Бұл өте маңызды.

Есте ұстаңыз: Бірінші қадамда мидың ішкі экранында арманыңыз визуализацияланып, түпсанаңыз сізге не қажет екенін нақты білуі, түсінуі қажет. Сондықтан егер бұрын-соңды көлік рөліне отырып көрмеген болсаңыз, сіз бұл техниканы орындамас бұрын автосалондарға барып жаңа көлікке отырып, армандап қайтқан дұрыс. Немесе сіз армандап жүрген көлік ағаңызда, я болмаса әріптесіңізде болса, мініп, оталдырып, тіпті айдап көріңіз.



Екінші қадам

Ойша салған екі өмірді, яғни екі картинаны жақындатыңыз. Арасы бір метрдей ғана, өте жақын тұр. Сіз қазіргі өміріңіз суреттелген картинада тұрсыз. Иә, картинада басқа заттар қозғалмағанымен, сіз қимылдай аласыз.

Алдыңызда тұрған картинадан арманыңыздағы затты (мысалы қызыл көлікті) көріп қуаныңыз. Шынымен осы көлікті сатып алсаңыз немесе біреу сыйласа қандай күйде боласыз? Шынайы қуана біліңіз. Бұл жерде эмоция маңызды!

Есте ұстаңыз: техниканың екінші қадамында сіз миға сізді бұл зат қандай қуанышқа бөлейтінін ұқтыруыңыз керек. Сондықтан да шын қуаныңыз.



Үшінші қадам

Орныңыздан тұрып, көзіңізді жұмыңыз. Сіз бірінші картинада тұрсыз. Ал бір метрдей жерде екінші картина тұр. Екінші картинада арманыңыздағы зат бар.

Терең тыныс алып дайындалыңыз. «Мен қазыр арманымды орындаймын» деп үш рет айтыңыз.

Көзді жұмып тұрып алға қарай бар екпінмен секіріңіз. Алдыңыздағы екінші картинаға секіріп өттім деп ойлаңыз. Көлікті құшақтап қуаныңыз!


Бұл техниканы күнде бір рет немесе аптасына бір рет орындауға болады. Эзотерика мамандарыынң айтуынша, бұл техника сізді арманыңызға біртіндеп жақындатады. Техниканы орындап жүргенде айналаңызда орын алып жатқан оқиғаларға мән беріңіз. Мысалы, біреу сізге жаңа жұмыс ұсынар немесе жұмыс орныңызда қосымша жұмыс қосып бергісі келер. Я болмаса бір танысыңыз көлігін бір жылға бөліп-төлеуге беретінін айтып қалар... Ойыңызға келген жақсы идеяларды қағазға жазып жүруді де ұмытпаңыз.

Осы сиықты ұсыныстар мен сөздерді, идеяларыңызды қорытыңыз. Қайсысы арқылы арманыңызды орындау тиімдірек?

Неғұрлым техниканы көбірек және дұрыс орындасаңыз, арманыңызға жеткізетін оқиғалар мен идеялар да көп болады.


Есте ұстаңыз, арман өздігінен орындалмайды, оны осындай техникалар арқылы жақындатып, өзіңіз әрекеттеніп қана орындай аласыз. Әрине, әлдекім (күйеуіңіз, ағаңыз т.б.) тосынсый жасап, арманыңыздағы көлікті сыйлауы да мүмкін.

Біз мысалға көлікті алдық. Оның орнына арманыңыздағы затты (адамды) қойып, техниканы орындай беруге болады.


Дайындаған: Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Күткеніңіз БОЛМАЙ ҚАЛДЫ, не ІСТЕУ КЕРЕК?

Сізде осы 4 БЕЛГІ БОЛСА, нағыз АҚЫЛДЫ АДАМ болғаныңыз