Баланың оқу үлгерімін жақсартудың ЕҢ ОҢАЙ жолы

0
5 044

​Нейропсихолог мамандарының кеңесі


Баланың оқу үлгерімін жақсартудың ЕҢ ОҢАЙ жолы

Адамның жазу үлгісіне қарап, оның мінезін болжамдауға болатынын естіген боларсыз. Ал қолжазбаны өзгерту арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыруға болатынын ше, білесіз бе?

Жаман жазу үлгісін «бастауыш сынып мұғалімі үйретпеген, қадағаламаған», «қаламсап жақсы емес»-ке балайтындар көп. Бірақ мамандар жазу үлгісінің көркем болуы қол саусақтарына байланысты болғанымен, оған жауап беретін басты мүше – бас дейді. Сондықтан да баланың жазу үлгісі оның ойымен, сөзімен, эмоциональдық жағдайымен тығыз байланыста.

Бұған оқу үлгерімі өте нашар кез келген оқушының жазу үлгісі дәйек бола алса керек. Сонымен бірге қолжазба нашарлығының негізгі себептері де дәлел бола алады.



СЕБЕПТЕРІ

Балалар нейропсихологтарының зерттеуінше, жазу үлгісінң нашарлығы:

  • Неврологиялық аурулар;
  • ДЦП, эпилепсия;
  • Солақай баланы оң қолмен жазуға мәжбүрлеу;
  • Саусақ моторикасының дамымағандығы;
  • Бастауыш сынып жасында қандай да бір психологиялық жағдай;
  • Эмоциональды тұрақсыздық;
  • Ми нейрондарында байланыстың жоқтығының белгісі болуы мүмкін.

Нақты себебін анықтау үшін баланың жазу дәптерін мектептегі логопедке, психологқа көрсеткен дұрыс. Бүгінде барлық мектеп бұндай мамандармен қамтамасыз етілген. Сондықтан қиындық тудырмасы анық.

Психолог мамандарының айтуынша, баланың жазуын дұрыстау арқылы жоғарыда аталған себептерді «емедуге», жоюға болады екен. Бұл орайда түрлі әдіс бар.



ЖАЗУ ҮЛГІСІН ЖАҚСАРТУ ӘДІСТЕРІ

1. Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйрететін арнайы штрихтар мен шаблондарды, пішіндер мен нүктелі жазу суреттерін пайдаланыңыз.

2. Баланың саусақ моторикасын дамыту үшін пластилинмен жануарларды жасау, конструктор құрастыру, тоқыма, сурет салу т.б. жұмыстарын жүргізіңіз.

3. Ұшы тім жіңішке қаламсаптан гөрі қағазға оңай жазылатынын таңдаңыз. Қаламсап ұстауға да, жазуға да оңай болу керек. Сонда саусаққа, қол бұлшықетіне күш түспей, бала көлемді мәтіндерді көшіріп жазуда қиналмайды, шаршамайды. Сондықтан үйде қалам және гельді қаламсап қолданған дұрыс.

4. Дәптердегі жазуға қарап отырып, қай әріптерді дұрыс жаза алмайтынын анықтаңыз. Осы әріптер кездесетін сөздерді қайталап жазуға тапсырма беріңіз.

5. Әріптерді бірдей көлемде жазуға үйретіңіз. Және қатесіз жазудың да көркем жазуды жылдам үйренуіне әсері бар екенін ұмытпаңыз.

6. Музыкалық аспаптарда ойнауды үйретіңіз. Бұл да жазу үлгісінің жақсаруына жәрдемдеседі.


Жазғы демалыста баланы көркем жазуға үйретіңіз. Әрине баланың жазу үлгісі 10 жасқа дейін қалыптасады дейді мамандар. Бірақ оны кез келген жаста дұрыстауға болады.


Дайындаған: Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ДЕМАЛЫС КҮНІ демалатын адамдар ТАБЫСТЫ БОЛАДЫ


НЕЛІКТЕН ренішті ҰМЫТЫП КЕТУ керек