ҚАНДАЙ түсті ӘМИЯН ақшаны магнитше тартады - тест

0
9 036

Суреттен бір әмиянды таңдаңыз да қаржылық мәселелердің неліктен туындап жүргенін біліп алыңыз.


ҚАНДАЙ түсті ӘМИЯН ақшаны магнитше тартады - тест

Ақшаға бәрін сатып алуға болады! Бұл сөзбен кейбіреулер келіспегенімен, көп жерде іштей мойындап жатады. Өйткені расында да, ақша – қуат, ол тілсіз-ақ көп мәселені шеше алады.

Сіз күшіңіз бен уақытыңызды ақшаға алмастырасыз. Ал сол күні бойы, бір ай бойы қуатыңызды, сағаттарыңызды жұмсап тапқан жалақыңызды қандай әмиянға салып жүрсіз?

Әмияныңыздың (түсі, дизайны т.б.) суреттегінің қайсысына ұқсайды? Немесе суреттегі қай әмиян ұнайды? Қаржылық қуатыңызды, ақшаны тарту күшін болжау үшін біреуін таңдаңыз.



1 ӘМИЯН
Әйелдер арасында ең көп сұранысқа ие әмиян қызыл түстісі. Егер сіздің де әмияныңыз от түсті болса, ақша жинауды білмейтін жансыз. Ақша сізге оңай келетіндіктен, оның қадірін білмейсіз. Сондықтан да келген ақша әмияныңызда тұрақтамайды. Сізге депозит ашып, ақша жинауды үйрену керек, сонда оны оңды-солды шашуды доғарасыз.

Қызыл түсті әмиян иесінің табысына әйтеуір жұмсалатын жер табылады да тұрады. Бұны эзотерика мамандары әмиянның түсімен ғана емес, адамның қызба мінезімен де байланыстырады. Егер қызуқанды болсаңыз, қызыл түсті әмияныңыздағы ақша жылдам «өртеніп» кететін көрінеді. Қызба адамдарға жайлы түстегі – қоңыр, алтын түстес әмияндарды ұстаған жөн.



2 ӘМИЯН
Қоңыр түс және былғары әмиян – ақшаның магниті. Бұндай әмиян иесі ақшаға құрметпен қарайды, сондықтан да сауатты, үнемдеп жұмсай біледі.

Қоңыр түсті әмиянға ақша мен банкоматтық карточкалардан басқа (паспорт, чектер, сурет) зат салуға болмайды дейді мамандар. Олар ақшаның қуатын «жеп» қояды екен. Осыны есте ұстасаңыз, қаржылық қуатыңыз арта түседі.


3 ӘМИЯН
Қара түс – классикалық және элегантты болғандықтын, бұндай әмиянға қызығатындар көп. Бұндай әмиянның иесінде қаржылық қуат керемет болмаса да, ол ақшасыз жүрмейді.

Мамандар қара түсті әмиянды ешқашан бос қалдыруға болмайтынын айтады. Ақша ақшаны шақыру үшін әмиян түбінде тиын болса да жүру керек. Сондай-ақ қара түсті әмиянның ішіндегі купюра міндетті түрде иесіне оң қарап тұрғаны жөн.


4 ӘМИЯН
Жасыл – өсімдіктің түсі, сондықтан да мұндай әмиянда ақша жылдам көбейіп өседі. Сенбесеңіз, әмияныңызды жасыл түске ауыстырыңыз дейді мамандар. Бұны жасыл түсті әмиян иелері де мақұлдаса керек.

Жасыл түсті әмиян ұстайтындарға жан-жақтан ақша тартылып, олар таршылық көрмейді. Бірақ қарыз берсе, сәттілік қуаты да кемитінін есте ұстағаны абзал.



5 ӘМИЯН
«Ақша – қолдың кірі, не тәйірі?!» деп, туған-туыс, дос-жаран қиналғанда жәрдем ретінде бере саласыз. Оның қайтарымын күтпейсіз де. Егер осындай жомарттығыңызды қоя алмасаңыз, сізге басқа түсті әмиян ұстау керек. Өйткені көк түс – судың түсі, «қолдың кірі» тез жуылып кетеді.

Мамандар көк түсті әмиянда ақша қуаты сақталуы үшін оған жалбыздың немесе жүзімнің жапырағын (кептіріп) салып қоюға кеңес береді.



6 ӘМИЯН
Алтын түстес әмиян – ақшаның ең жақсы көретін орны. Мұндай әмиян иесі қаржылық мәселелерге көп кезіге беремйді. Оның ақша туралы мәселесі тез шешіледі.

Алтын түстес әмиянда ірі-ірі купюралар жүреді. Тек оларды бүктеп салуға болмайды.

Дайындаған: Т. Қалыбек,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Баланың жазғы ДЕМАЛЫСын қалай ДҰРЫС ұйымдастыру керек?

БҰЛ әдеттерден құтылсаңыз, ЖОЛЫҢЫЗ АШЫЛАДЫ