​КЕДЕЙЛІКТІҢ ТӨРКІНІН СҰРАП КӨРДІҢІЗ БЕ?

0
2 399

Өз-өзіне көңілі толмаушылық, кежегенің кейін қарай тартуы сіздің өмірде үлкен табыстарға жетуіңізге кедергі келтіретінін жақсы білуіңіз керек. Барлық түйткілді мәселелерді жағдайға қарай ысырып қоя салуға ынталы болмаңыз. Бұл ең оңай жолы. Сіздің қазіргі өміріңізге көңіліңіз тола ма? Егер сіздің материалдық мүмкіншіліктеріңіз қанағаттардырмайтын болса, түрлі сылтауларды себеп қылып, әрекет жасамайтын болсаңыз, әрине, берекет те болмайтынын ұғыныңыз.


​КЕДЕЙЛІКТІҢ ТӨРКІНІН СҰРАП КӨРДІҢІЗ БЕ?

фото: happyfreedom.ru

Өз-өзіне көңілі толмаушылық, кежегенің кейін қарай тартуы сіздің өмірде үлкен табыстарға жетуіңізге кедергі келтіретінін жақсы білуіңіз керек.

Барлық түйткілді мәселелерді жағдайға қарай ысырып қоя салуға ынталы болмаңыз. Бұл ең оңай жолы. Сіздің қазіргі өміріңізге көңіліңіз тола ма? Егер сіздің материалдық мүмкіншіліктеріңіз қанағаттардырмайтын болса, түрлі сылтауларды себеп қылып, әрекет жасамайтын болсаңыз, әрине, берекет те болмайтынын ұғыныңыз.

Кедейлікті туындатқан себептерді нақты анықтай отырып, әрекетке көше білсеңіз, сіздің өміріңізде жарқын жол ашылады. Неліктен бізге сәтсіздіктер жолығады? Неліктен бастаған кәсібіміз аяқсыз қалады немесе алға жүрмейді, жүйесін таппайды? «Сәтсіздіктердің» аяғымыздан шала бергені соншалықты, біз алға қарай ұмтылуға күш таппай қаламыз. Бұған түрлі себептерді тауып, өзімізді ақтап шығуға әрекет етеміз. Міне, кедейлік пен сәтсіздіктің басты себебі осында.

Бай болуды армандайсыз ба? ӘРИНЕ! Кім бай болғысы келмейді? Бірақ, байлыққа бастар жолды білу үшін кедейліктің симптомдарымен күресейік!

Әрине, оңай емес. Сіздің жиырма жыл, отыз жыл, тіпті, қырық жыл қалыптасып қалған «МЕНіңізді» өзгерту үшін ынта-жігер керек. Қатып қалған қағиданы бұзу керек.

  • Алдымен мына төрт себепті жоюға кірісейікші. Сәтсіздіктің немесе кедейліктің төрт себебі болады екен.

1. Құрып кеткір ЖАЛҚАУЛЫҚ.

2. «Адамның мен барлығын өзім білемін!» деп ойлауы яғни, өркөкіректік.

3. Білім мен біліктіліктің тиісті деңгейде болмауы, ізденістің аздығы.

4. Мінез. Адамның қалыптасып қалған мінезін өзгертуі оңай шаруа емес. Сонда да болса, тырысып, мінезіңіздің сізге пайда әкелмейтін тұстары болса, өзгертуге тырысыңыз.

«Менің оған жағдайым жоқ. Өйткені, бір ғана айлық табысыма бір үйлі жанды әрең асырап отырмын», «менің мүмкіндігім жоқ, өйткені, ауылда менің баюға мүмкіндіктерім аз», «менің қолымнан бұлай жасау келмейді, себебі, қабілетім, білімім сай келмейді, қолымда арнайы білім алған мамандығым жоқ» деген секілді сылтау іздеген адамға барлығы да себеп бола алады.

Бұл сіздің кедейлігіңіздің белгісі, байлыққа бастайтын жолдың кедергісі.

  • Бізде қалыптасып қалған түсінік бар, «ол жеткен нәтижеге мен жете алмаймын, өйткені, оның демеушісі, қолдаушысы бар», «сондықтан, ол маған қарағанда жетістіктерге оп-оңай жете алады» деген сенімді нықтап санамызға сіңіріп аламыз. * Ал «адамның жасағанын адам жасай алады» деген сөзге сенсек те өзімізге деген сенімсіздік адымымызды аштырмай тұсаулап тастайды.
  • Көпшілігімізге таныс жағдай - үйреншікті ісімізден өзге арнаға ауысқымыз келмейді. Егер олай етсек, өзімізді адасып қалған жандай сезінеміз. Бұл бір жағынан қиындықтардан қорқу, өмірлік жолымызда кездесетін сәтсіздіктермен бетпе-бет келуден қорқу. Ал оңай келетін дүниенің оңай жолмен бізден алыстап кететінін жақсы түсінсек те белімізді қайыстырып ізденуден қашамыз.
  • «Тәжірибем жетіспейді» деп қорқасыз ба? «Мақсатқа жету мүмкін емес» деп қорқасыз ба? Мұның барлығынан да арылатын кез келді.

Қазақта жақсы сөз бар ғой, «көз қорқақ, қол батыр» деген. Осы сөзді өмірлік ұстанымыңызға айналдырсаңыз сіз алмайтын қамал, бағындырмайтын биік болмайтынына сеніңіз.

  • Ойыңызды өзгертіңіз. Жалқаулықтан арылыңыз. Ойыңыз өзгерсе, өміріңіз де өзгеретініне сенімді болыңыз. Бұл ақиқат.
  • Адам жақсылық ойлаған сайын, жақсылыққа ұмтылған сайын, ой санасын ізгі ойлармен толтырған сайын, автоматты түрде солай болады.
  • Жағдайды арқау етпеңіз. Сол жағдайды жасап отырған өзіңіз. Сол жағдайдан шығуды ойлаңыз. Сөзбен айту бір бөлек, тек іске көшіңіз.

Сізге СӘТТІЛІК тілеймін!

Гүлвира ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ.