Өмірден «БЕС» деген баға алғыңыз келе ме? Денеңіздің 5 нүктесін жерге тигізіңіз!

0
4 343

Өміріңізді жылдам өзгертетін техника. Сенбесеңіз, орындап көріңіз. Қиын емес!


Өмірден «БЕС» деген баға алғыңыз келе ме? Денеңіздің 5 нүктесін жерге тигізіңіз!

Бүгінде «карма» деген сөз оқырманға жақсы таныс. Өйткені бұл туралы қазақтілді психолог, мотиваторлар жиі айтып жүр. Ал біз бүгін карманы тазалаудың кең тараған әрі нәтижесі жылдам байқалатын тамаша тәсілімен таныстырамыз.


Бұл тәсіл – ТАҒЗЫМ деп аталады. Санаға психологиялық тұрғыда әсер ететін өте қуатты бұл әдістің тарихы тереңде жатыр. Бұл техника дін, ұлт таңдамайды.


Ғасырлар бойы көптеген халық тәжірибесінде қолданылған әдіс. Тарих беттерін парақтасаңыз, қазақта да, корей, үнді, тибеттіктер, тіпті славян халқының салтынан да кездестіре аласыз. Шариғатқа қайшы келмейді.


Біз бұны белгілі психологтардың, джйотиш астрологтарының еңбектерін әбден зерттеп, зерделеп ұсынып отырмыз.



ПАЙДАСЫ

  • Тәкаппарлықты, менмендікті жояды. Ал қай дінде болса да адамға да, құдайға да ұнамайтын ең жаман қасиет - осы екеуі.

  • Агрессияны «емдейді». Ал агрессия көптеген психикалық ауруларға бастайды.

  • Ғаламмен, табиғатпен байланысты реттейді. Адамзат табиғаттың бір бөлшегі, ол қоршаған ортамен үйлесім тапқанда өмірі өзімен жарасым табады.

  • Ата-анаға деген реніш кірінен тазалайды. Екі тәннің жасушасының бірігуінен пайда болған адамның жетістікке жетуі де, бақыты мен табысы да сол екі жасуша иелеріне деген құрметке байланысты.

  • Өзіңнің қателіктеріңді кешіруге көмектеседі. Ад адам өзін кешірмейінше оның өмірі жақсармайды.

  • Тағдырды қабылдауға күш береді. Ал тағдырды қабылдау – Жаратушыны мойындау боп саналады.

  • Жүректі жұмсартады. Ал жүрек жұмсармайынша адам өміріне сүйіспеншілік пен бақыт келмейді.

  • Ашуды басады. Ал ашу - қателіктерге жол бастаушы.

  • Адам бойындағы бөгелген қуат арналарын ашады.

  • Он екі мүшенің жұмысын жақсартады.

  • Ерік жігер артып, тән жанға бағынатын болады.


Тізе берсек, тағзым практикасының психологиялық та, медициналық та, физикалық және рухани пайдасы орасан. Техниканы орындауда есте ұстайтын жайт, бас жүректен төмен түсіп иілуі қажет. Ми, яғни ақыл мен ой төмен түскенде жүрек билікті өз қолына алады да өміріңізді өзі реттеуге кіріседі.


Қалай? Қалай әсер ететінін түсінудің қажеті жоқ, орындағанда пайдасы автоматты түрде жүзеге аса бастайды. Тек техниканы дұрыс орындасаңыз болғаны.



ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛАДЫ?

Тағзым техникасының орындалуы намаз құлшылығындағы сәжде жасағанға ұқсайды. Адам топырақтан жаратылғанын білесіз. Техника барысында сіз сол тегіңізбен, яғни Жер-анамен байланысасыз. Жер астында жатқан ата текпен арада үзіліп қалған байланыс жібі жалғанады.

Сонымен бірге 18 мың ғаламмен бірге сізді жаратқан Жаратушыға, өмірге келуіңізге себепші болған екі адам – ата-анаңызға тағзым жасайсыз. Ал барлық дінде құдайдың ризашылығы – ата-ананың ризашылығы делінеді. Ата-ананың ақ батасын алу қазақ халқында да маңызды саналады.


Сонымен орындауға дайынсыз ба?


  1. Тік тұрыңыз
  2. Мейлінше еңкейіп иіліңіз.
  3. Жерге тізерлеп отырып, екі алақанды жерге қойыңыз.
  4. Маңдайыңызды жерге тигізіңіз.
  5. «Кешірім сұраймын!» деп айтыңыз.
  6. Орныңыздан түрегеп, бастапқы қалыпқа оралыңыз.


Ғалымдар лабораторияда зерттеу жүргізгенде екі тізе, екі қол, маңдай, осы бес нүкте жермен жанасқанда ауада, адам ағзасында көзге көрінбейтін вибрация орын алып, дененің ментальды қабатында тазару процесі іске қосылатынын анықтаған.

Ал психолог мамандары тағзым жасағанда, яғни дененің бес нүктесі жерге тигендегі қалып ананың құрсағында жатқан шарананы елестетінін айтып, осы қалыпта жатып кешірім сұрағанда процес жылдам жүзеге асады дейді.

Ал отырып-тұруға денсаулығыңыз жарамаса, тік тұрып, содан соң басыңызды иіп сәлем салуға да болады. Бас жүректен төмен иілсе болғаны. Егер тіпті денсаулығыңыздың мүмкіндігі болмаса, онда бұл техниканы ойша жасаңыз.



КІМНЕН КЕШІРІМ СҰРАУ КЕРЕК?

1. Жаратушыдан.

2. Ата-анаңыздан.

3. Өзіңізден.

4. Табиғаттан (бүкіл тіршіліктен).


Есте ұстайтын жайт, ата-анаңыздан бөлек-бөлек кешірім сұрау қажет. Яғни алдымен әкеңізге тағзым жасап, сосын анаңызға иілесіз.

Әке-шешеңіз дәл қазір бар ма, жоқ па маңызды емес. Тән өлгенмен, жан өлмейді. Ата-анаңыз қасыңызда немесе басқа қалада болса да олардың бейнесін көз алдыңызға әкеліп, қарсы алдыңызда тұрғанын ойша елестетіп, тағзым жасап кешірім сұрай беріңіз.

Барлық адамның болашағы өткен өмірімен тығыз байланыста. Балалық шағым бал татиды деп айтқан адамның да ата-анасына тамшыдай болса да реніші болмауы мүмкін емес. Сондықтан тағзым жасағанда тек кешірім сұрап қоймай, оларды кешіре білген де абзал.


Тік тұрғанда «Кешіремін, кешірдім» деп, ал маңдайды жерге тигізгенде «Кешірші» деп айтыңыз. Бастапқыда бұл сөздерді айта алмасаңыз, уайымдамаңыз. Ешқандай сөз айтпай орындай берсеңіз де иілген кезде санада автоматты түрде реніштерден тазару процесі жүреді.


Ал өзіңізге тағзым жасағанда «Мен өзімді кешіремін. Мен өзімнің барлық қателіктерімді кешіремін», «Мен өзімнің іс-әрекеттерімді кешіремін», «Мен өзімді ғайбаттағаным үшін кешіремін», «Мен өзім туралы жаман сөздер айтқаным үшін өзімді кешіремін», «Осы күнге дейін өзімді ойламағаным үшін кешіремін» деп қайталаңыз.


Бұдан бөлек ата-анаңызға, өзіңізге тағзым жасағанда «Мен сізді жақсы көремін», «Мен өзімді өмір бойы жақсы көремін», «Сізге алғыс айтамын», «Сізге рахмет», «Сізге ұзақ ғұмыр тілеймін» деген сөздерді де айтуға болады. Ал бүкіл тіршілік иесіне тағзым жасағанда жер бетіндегі барлық адамға бақыт, денсаулық, байлық тілеңіз. Тілектеріңіз өзіңізге еселеніп қайтады.



ҚАЙ УАҚЫТТА ОРЫНДАУ ҚАЖЕТ?

Ұйқыны ғалымдар кіші өлімге теңейді. Адам ұйқыдан оянғанда оның тәні мен жаны бөлек болады екен де, иіліп тағзым еткенде олар жылдам бірігетін көрінеді. Сондықтан таңертең ұйқыдан тұрып, жуынып болған соң орындаған тиімді. Жалпы психологтар бұл техниканы кез келген уақытта орындауға болады дейді.



ҚАНША РЕТ ТАҒЗЫМ ЖАСАҒАН ДҰРЫС?


  • Халықаралық Дзен Кван Ум мектебі жалпы 108 рет иілуді ұсынады. Олар үшін 108 – сакральды сан боп есептеледі және адам санасында 108 «кір» бар дейді Дзен мектебінің ұстаздары. Әр тағзымда бір «кір» өшіріліп сана тазарады екен. Сондықтан күніне бір реттен, 108 күн жасау керек.
  • Эзотерика мамандары әр күні 10 тағзымнан 40 күн бойы орындау маңызды дейді.
  • «Сәлем салу» деп аталатын зерттеу кітабын жазған психолог Рами Блект «күніне 4 рет, бірінші Жаратушыға, екінші ата-анаға, үшінші әр адам өзіне және төртінші ғаламға (бүкіл тіршілікке) тағзым жасау керек» дейді.
  • Психологтар әр адам көңіл кірі тазарғанын сезгенше жасай беруге болатынын айтады. Егер балалық шақта қалған реніш жарасының ізі терең болса, онда 2-3 ай жасау керек екен.


Мамандардың тәжірибесінде күнде тағзым тәсілін жасаған адамдардың өмірінде 2 айдан соң таңқаларлық өзгерістер орын ала бастаған. Әрине қанша рет тағзым жасауды ми төмен иілгенде билікті өз қолына алған жүрегіңіз өзі «айтар», оның үніне құлақ түріңіз.


Алғашқы 10 күнде-ақ техниканың оң әсері энергетикалық деңгейде жүріп, өміріңіз трансформацияланып жатқанын өзіңіз байқай бастайсыз. Орындаңыз, нәтижесімен бөлісіңіз!

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Ажырасарда мына ҮШ НӘРСЕНІ есте ұстаңыз!

АҚША шақыратын СУПЕР техниканы қолданып көріңіз