Жігіттің «табыскер күйеу» болатынын қалай білуге болады?

0
2 755

Әлемдегі ең бай адам былай деп кеңес береді.


Жігіттің «табыскер күйеу» болатынын қалай білуге болады?

фото: magictantra.ru

Билл Гейтс сияқты күйеуім болса деп, армандамаған, армандамайтын қыз-келіншек жоқ шығар сірә?!

Билл Гейтс – әлемдегі ең бай адам. Бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы саналатын Microsof компаниясының негізін қалаушы. Ал Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған.

Билл Гейтс осы аталмыш бағдарламаны 1975 жылы құрғаннан соң миллиардерге айналған. Оған дейін ол да қарапайым өмір сүрген.


АҚШ-та қаржылық инвестиция жөнінде өткен бір конференцияда Билл Гейтстен біреу жігіттің келешекте табыскер отағасы болатынын қалай білуге болатынын сұрайды. Сонда миллиардер былай деп жауап берген екен.

фото: coinmania.com

1. Қалтасына қарап таңдау қате!

«Ең алдымен – байлық еркектің банктегі ақшасы, астындағы қымбат көлігі, үстіндегі бренд киімдері емес екенін білген жөн. Байлық – байлықты жасай білу қабілеті.

Мысалы, лотореядан немесе кейбір ойындардан бір күнде миллион, тіпті 100 миллион ұтып алған адам – бай адам емес. Ол жай 100 миллионы бар кедей. Егер ол адамда білім, қаржылық сауат, ақшаны дұрыс жұмсай білу қабілеті болмаса, көп ұзамай-ақ қайтадан бұрынғы күйіне түседі. Бұған лотореядан ұтыс ұтқан миллионерлер дәлел. Олардың 90 пайызы 5 жылдан соң кедей қалпына оралған.

Банкте ақшасы жоқ небір кәсіпкерлер бар. Олардың ақшасының бәрі тауар айналымында. Сол сияқты қымбат көлік мініп, қымбат киінбесе де бар табысын қаржылық сауатын жетілдіруге, жаңа білім алуға жұмсап жүргендер бар. Міне, осыларды бай-қуатты өмірге барар жолда деп айтуға болады. Бұл адамдарды 5-7 жылда бай болады деп айта аламын» дейді Билл Гейтс.

Расында да, лоторея және букмерлік ойындардан миллиондап ұтып жатқандардың бай боп кеткенін ешкім көрмеген.

«Әкенің малы – балаға мал болмайды» демекші, жоспарсыз, есепсіз жұмсап ата-анасының бүкіл жиған-терген дүниесін бірер жылда тауысқан адамдар да айналаңызда көп. Олай болса, жігітті банктегі және қалтасындағы ақшасына қарап бай, кедей деп бағаламаңыз. Біліміне, өмірлік жоспарына және қабілет-қарымына қарай таңдаңыз.

«Алға қойған мақсаты ірі емес, жоспары жоқ» деп, теріс айналуға да болмайды. Білімі мен қабілеті бар жігітке ақылды әйел өзі-ақ байлыққа апарар жоспарды құрып, мол табыс табуға бағыттай алады.



2. Үнемі білімін жетілдіруді ойлайтын жігіт бай болады

Дана халқымыз «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деп бекерге айтпаған. Мектепті бітірген бала мейлі колледжге түскен шығар. Мейлі ол мұғалімдікте оқып жатқан болар. Бірақ ол сол білімін ары қарай жетілдіруді ойлап, түрлі кустарға қатысып жүрсе – келешекте міндетті түрде байиды.

Билл Гейтс «Білімін арттырып, жетілдіріп жүрген жігіт – бай адам» дейді. Ал үнемі мемлекетті, билікті жамандап, «байлар – ұрылар, жемқор» дейтіндердің ешқашан байымайтынын айтады.

Ендеше, білім іздеген жігіттің етегінен ұстаңыз. Өйткені білімін жетілдіру жолында, ізденісте жүрген адамның ой-өріс көкжиегі дамиды. Ол өз саласының нағыз, білгір, эксперт маманына айналады. Білімді маманға ірі компаниялардан сұраныс көп болады.



3. Адалдық та байлыққа апарады

Билл Гейтс «бай болатын адамның бір қасиеті – адалдық» дейді. Адал жолмен, өз еңбегімен, ақылымен, білімімен байығандарды ғана ол бай адамға жатқызады. Осы орайда ол былай мысал келтіреді:

«Бірде банк күзетшісі біреудің ұмытып кеткен бір сөмке ақшасын тауып алады. Оны банк меңгерушісіне апарып береді. «Бір күнде-ақ баспаналы да, көлікті де болар еді. Мен болғанда...» деп қызметкерлер оны ақымаққа балады.

Адалдығына риза болған банк меңгеруші оның қызметін жоғарылатып ресепшнге орналастырады. Үш жылдан соң ол клиенттерді басқаратын бөлімге ауысады. Банк оған білімін жетілдіруге мүмкіндік жасап, түрлі оқу курстарына жібереді. Тәжірибе жинайды. Ал он жылдан кейін әлгі күзетші банктың аймақтық филиалын басқарады. Қазіргі ол жалақысы мен жылдық сыйақысына жыл сайын бір баспана мен көлік алуына болады».

Егер күзетші сол кезде тауып алған бір сөмке ақшаны ұрлағанда, мүмкін қазір оның жалғыз үйі мен көлігі ғана болар ма еді, кім білсін?! Әлі де бір банкте күзетші боп жүрер ме еді...


Билл Гейтстің бұл жауабы «Жігіттің қазіргі материалдық жағдайына емес, ақылы мен біліміне, адалдығына қарап таңда. Осы үшеуі жігітті бай етеді» дегенге саятын сияқты. Ал, оқырман, сіз миллиардердің жауабынан не түйдіңіз?

Дайындаған: Жазира Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Психолог: «ҰРЫП ТӘРБИЕЛЕУ – АТА-АНАНЫҢ БАЛА ТІЛІН ТАБА АЛМАҒАНДЫҒЫНЫҢ БЕЛГІСІ»

"ЕШНӘРСЕ ІСТЕГІҢІЗ КЕЛМЕЙ МЕ? Ондай "дерттің" ДӘРІСІ бар