Мәжіліс депутаты түркістандықтарды референдумды қолдауға шақырды

0
794

Облыс бойынша штаб мүшелерінің саны 475 адамды құрайды.


Мәжіліс депутаты түркістандықтарды референдумды қолдауға шақырды

Мәжіліс депутаты Жетісай халқын референдумды қолдауға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданының тұрғындары алдағы референдумға бір кісідей атсалысып, ел болашағының жарқын болуы үшін дауыс береді.Сондай-ақ, олар Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Жаңа Қазақстан мен жаңа қоғам құрудың алғы шарттарының бірі деп есептейді.


Бүгін осы және өзге де өзекті мәселелер ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «AMANAT» париясының республикалық штаб мүшесі Сырым ЕртаевтыңЖетісайауданының Жылы су, Қазыбек би, Жаңа ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесуінде әңгімеге арқау болды. Кездесулерге депутатпен бірге Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Т.Қаржауов жәге Т.Қырықбаев қатысып, жұртшылыққа үгіт жұмыстарын жүргізді.


Сырым Маханбетұлы ең алдымен Ш.Ділдәбеков ауылының тұрғындарымен еркін форматта кездесіп, Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы жиналғандарға кеңінен әңгімелеп берді.


«Конституциялық реформаның саяси мәні – бұл суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу кезіндегі екінші республиканың көрініс табуы. Яғни, референдум – үлкен мүмкіндіктің алаңы. Ендеше алдағы науқанда бәріміз жұмыла өзгерістер үшін дауыс беруіміз қажет», - деді С.Ертаев.


Кездесудің мақсаты айқын. Ол -конституциялық түзетулер жобасын жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру және референдумды қолдауға шақыру. Сондай-ақ, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, талқылау болатын.


Жалпы, Жетісай өңірі аграрлық аймақ саналады. Мұнда диқаншылар жыл сайынғы ағын су тапшылығының салдарынан айтарлықтай шығынға ұшырап келеді. Өйткені Өзбекстан елінен келетін ағын су көлемі жазғы маусымда азайып, егістік алқаптары нәрсіз қалуда. Одан бөлек, мұндағы ауыл шаруашылығы жерлерінің басым көпшілігі жер асты суларының көтерілуінен зардап шегуде. Яғни, сорланып, қуаттылығын жоғалтуда.


Диқандар және жергілікті тұрғындармен кездесулерде осы және өзге де сауалдарын жолдады.Білім саласының өкілдері де саяси өзгерістің өзектілігін ұғынғандарын жеткізді. “Сырдария” университетінің студенттері және белсенді жастармен өткен жиында олардың да үніне құлақ түрді. Кез келген 18 жасқа толған азамат референдумға қатысуға құқылы екені түсіндірілді.Сондай-ақ сапапы аясында “Асыл қазына және тең қоғам” әлеуметтік орталығының жұмысымен де танысып, ұжымымен, қариялармен әңгімелесті.


Республикалық штаб мүшесі Сырым Маханбетұлы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жиналғандарды 5 маусым күнгі референдумға жаппай қатысып, дауыс беруге шақырды.


Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу туралы шешімін қолдау мақсатындаоблыстық, аудандық, қалалық деңгейде партия филиалдары жанынан 18 штаб құрылған. Штабтардың құрамына ел арасында абыройы бар, белсенді партия мүшелері мен мәслихаттардың депутаттары енген болатын.Облыс бойынша штаб мүшелерінің саны 475 адамды құрайды. Оның 49-ы обылстық штаб мүшелері,425-і аудандық, қалалық деңгейдегі штаб мүшелері.