Референдум: бас санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

0
585

Елімізде республикалық референдум 5 маусымда өтеді.


Референдум: бас санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Республикалық референдумды өткізу кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» қаулыға қол қойды, деп жазады Zakon.kz.

"Республикалық референдумды өткізу кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі алгоритм бекітілсін", – делінген құжатта.

Республикалық референдумды өткізу кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі алгоритм

Қаулыға сәйкес, алгоритмнің мақсаты – КВИ-дің таралуымен байланысты тәуекелдердің алдын алу, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты және азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету.

Референдумды өткізу кезінде:

  1. адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ете отырып, Референдумға қатысушылардың легін реттеуді;
  2. үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін;
  3. ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайларды жүйелі желдетуді;
  4. дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды желдетуді;
  5. дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды және барлық жұмыс беткейлерін жуу құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау, дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Еске салсақ, елімізде республикалық референдум 5 маусымда өтеді.