ТҮРКІСТАН: Арыстықтар референдум күні қоғамдық көлікпен тегін жүреді

0
485

Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.


ТҮРКІСТАН: Арыстықтар референдум күні қоғамдық көлікпен тегін жүреді

Арыс қаласының тұрғындары референдум күні қоғамдық көлікпен тегін жүре алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 5 маусымы күні Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.


Осыған орай, арыстықтардың сайлау учаскесіне еш кедергісіз жетуі және дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл күні қаладағы қоғамдық көлік жолаушыларды тегін тасымалдайды.


Өз сайлау учаскеңізді білу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://referendum.gov.kz/


Айта кетейік, сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.