«Әйел 18 жасында сұлу болмаса табиғаттан, ал 30 жасында сұлу болмаса ақымақтықтан» деп есептейді белгілі сәнгерлер. Ендеше, нәзік жандылар өзінің сымбаты мен түр-сипатын ашатын, киім-кешек таңдауда тәжірибе жинайтыны белгілі. Талғамға талас жоқ десек те, төмендегі ережелерге мән беріп жүріңіз!

- Қызыл түсті көйлек әр әйелге жараса бермейді, бірақ ондай көйлектер барлық еркектерге ұнайды. Олардың бәрі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап үйренген әдетімен, қызыл түсті көйлектегі әйелдерге де көз салмай өтпейді .
- Қызғылт түсті көйлек 12 жастан кіші қыздарға ғана жарасады. Бұл түстің адам дене бітіміндегі кемшіліктерді жасырып тұратын қасиеті бар.
- Ашық жасыл түсті киім де барлығының дене бітіміне бірдей үйлесім таба бермейді. Ол бет әлпетін қандайда бір өзгеріске түсіретіндіктен, жылы жасыл түстен абай болған дұрыс.
- Нәзік жандыларға түстердің үйлесімін таба білу маңызды саналады. Бір мезгілде көк түстің үш түрлі реңктерін қолдануға болмайды себебі, олар түстердің айшықталуына кедергі жасайды.
- Кез-келген әйел сымбатында биік өкшелі аяқ киімдердің рөлі зор. Ол сұлуды нәзік етіп қана қоймай, өзіне деген сенімділік береді. Биік өкшеңіздің түріне байланысты, шұлығыңызды да лайықтай біліңіз.
- Биік туфли кигенде аяқтың ауырғаны мен шаршағанын сезбеу үшін дұрыс жүре білу керек. Әрдайым бас пен арқаны түзу ұстап, жерге бірінші аяқтың өкшесін, артынан табаныңызды қойып, жылдамырақ жүріңіз. Сонымен бірге, жамбас сүйегін тең ұстау қажет.
Автор: @karashash_esenbay
ERNUR.KZ