Сәнгердің коллекциясын "Қалаулымның" қыздары таныстырды

0
3 859

Қазақ сән әлемі қазіргі таңда қарыштап, жыл сайын олардың қатары жаңа есіммен толығуда. Осы орайда, біз сіздер үшін еліміздің танымал дизайнерлерінің әр маусымдағы коллекцияларымен таныстырып отыруды жөн көріп отырмыз.


Сәнгердің коллекциясын

Қазақ сән әлемі қазіргі таңда қарыштап, жыл сайын олардың қатары жаңа есіммен толығуда. Осы орайда, біз сіздер үшін еліміздің танымал дизайнерлерінің әр маусымдағы коллекцияларымен таныстырып отыруды жөн көріп отырмыз.

Бүгін еңбекқорлығы мен қазақилығы арқылы ерекшеленіп тұратын Дәмила Жұмабектің осы жылғы көктем маусымына арналған коллекциясын ұсынамыз.

Дәмиля Жұмабек: "Жана топтамам 2018 жылдың көктеміне арналады. Кунделікті киюге ыңғайлы, жас талғамайтын киімдер жиыны қыз-келіншектердің талғамын ескере отырып тігілген. Бұл топтаманың ерекшелігі матасында, трикотаж-марльевка жұмсақ, денеге қонымды, жүріп-тұруға ыңғайлы. Топтама негізінен қара-сұр түстерден тұрады, оның әдемілігін аша түсу мақсатында белдемшелер мен гүлдер қостым. Оны сіз тойға да, іскерлік кешкі астарға да, жұмысқа да кие аласыз".

Бұл коллекциялардың фото түсіріліміне "Қалаулымның" қалаулы жұлдыздары түскен. Көктемге санаулы ғана уақыт қалғандықтан, сән үлгілерін қазір парақтаңыз.