Сөмке - қыздар гардеробындағы өз құнын еш жоғалтпайтын, маңызды аксессуар. Сөмкесіз әйел «күдікті» деген пікір де бар екен. Сол себепті нәзік жандылардың сүйікті бұйымының бірі сөмкенің ескірмейтін үлгілерін бірге талқылап көрейік.

Осы кезге дейін сөмке аяқ киіммен түстес болса, сен сәнқойлардың қатарында болатынсың. Қазір бұл түсінік аздап өзгерген, бір бөлігі осы классиканы дұрыс санаса, енді бірі жалықтырмайтын образды таңдаудан қашпайды.
Өткен жылы трендте тым жарқын түстер болған еді. Әсілінде әйел адамда екі сөмке оның бірі көптүсті, кестелі болса, екіншісі, бір түсті болғаны дұрыс. Сөмкенің түсін аяқ киіміңізге, не үстіңізге киетін көйлек, жейдеге де байланысты таңдайсыз. Олардың бір реңтен болуы шарт емес, бірақ тым бөлек түстер болмағаны жөн. Соңғы жылдары түрлі әшекейлері бар, кестелі, тоқылған сөмкелер сәнге шығуда. Күнделікті ұстайтын сөмкеге бейтарап түстер (сұр, қоңыр, ақшыл сары) сықылды реңтер жақсы.