Төстартқышты 12 сағаттан артық тағуға болмайды!

0
2 796

Әрбір қыздың гардеробында төстартқыштың маңызды атрибут екенін бәріміз білеміз. Бірақ ол туралы нақты нені білу керек? Сіз оны қалай таңдайсыз?


Төстартқышты 12 сағаттан артық тағуға болмайды!

Әрбір қыздың гардеробында төстартқыштың маңызды атрибут екенін бәріміз білеміз. Бірақ ол туралы нақты нені білу керек? Сіз оны қалай таңдайсыз?

Төстартқыштың формасын сақтайды. Әйелдің жасына байланысты оның төсі салбырай бастайтыны белгілі. Тіпті өлшемі кішкентай төстің өзі бала босанғаннан кейін өзінің бастапқы формасын жоғалтады. Ал осы процессті баяулату үшін төстартқыштың көмегі көп.

Төстартқыш төстің формасын бұзуы да мүмкін. Спортпен айналысқан кезде әйел көкірегіне күш түседі. Сондықтан фитнеспен айналысатын қыз-келіншектерге арнайы фитнес-төстартқыштарын тағу ұсынылады.

Әр қызда төстартқыштың бірнеше өлшемі болғаны жөн. Әйел төсінің өлшемі үнемі өзгеріске түсіп отырады. Мысалы айлық белгі кезінде ол үлкейіп, сезімтал бола бастайды. Осы уақытта оған қатты матадан тігілген, қысып тұратын төстартқыштар тағуға болмайды.

Төстартқышты 12 сағаттан артық киюге болмайды. Өзіңізге ыңғайлы, ұнайтын төстартқыштың өзін ұзақ уақыт тағып жүруге болмайтынын дәрігерлер қатаң ескертеді. Егер 12 сағаттан артық тағып жүруге тура келсе, ұйқыға жатар алдында төсіңізге жеңіл массаж жасаңыз.

Фото: www.bonprix.kz

ERNUR.KZ