​Жаңа жылдық кешке қандай шаш үлгісін жасауды ойлап жүрсіз бе?

0
8 468

Бастысы – лакпен қатырып тастаудан алыс болуды ескертеді сәнгерлер. Оның орнына жеңіл де ерекше көрінетін өзгеше стильдерді ұсынады.


​Жаңа жылдық кешке қандай шаш үлгісін жасауды ойлап жүрсіз бе?

Жаңа жыл кешіне дайындық қызу басталып та кетті. Көйлек, макияж, сәнді шаш үлгісі, аксессуарлар – әйелдер үшін бұл кеште маңызды болмақ. Әсіресе, шаш үлгісі.

Әр әйел кеште ханшайым болғысы келеді. Ал оған бірінші көйлек болса, әдемілік қосатын әсем де жарасымды шаш үлгісі болмақ. 2019 жылды қарсы алатын кеште қандай сәнмен жасауға болады?

Әлемдік трендте болатын сәл үлгілерін жинақтап ұсынып отырмыз. Өзіңізге қайсысы ұнайды, қайсысы жарасымды, таңдау еркіңізде.


2019 жылдың сәнінде шаш үлгісін жасауға да батылдық керек дейді сәнгерлер. Жарқырау, ерекшелігімен көзге түсу басты трендте болатын көрінеді.

Ол үшін ұзын, орташа немес қысқа шаштың кез келгенін сәндеуге болады. Әсіресе, ретро-толқындар, түю немесе өру, стильмен жинап қою түрлерін таңдай аласыз.


Ұзын шаштарға арналған сәндеу – 2019

2019 жылдың сәнінде ұзын шашқа көп мән беріледі. Әсіресе, оған сән жасауда қиял жүйрік болмақ. Толқынды әлсіз бұйра шашты жаюға құмарлардың айы оңынан туғалы тұр. Тап осы шаш үлгісі басты трендте болады.

Сонымен қатар, толқын беріп, жартылай жинап қоюға да болады. Еркіндікті білдіретін бұл шаш үлгісі иесінің мінезін де алыстан байқата алады.

Ұзын шашты жинап қойғыңыз келсе бір ғана аксессуармен бүткіл әдемілігіңізді айшықтай аласыз.

Ал биікке жинап, ерекше сән бергіңіз келсе, төбеден бір өрім жасап барып қалғанын тік күйінде бос таңыз.


Орташа ұзындықтағы шаш сәні – 2019

Шаштың ұзындығы орташа болғанымен оған шаштараздың кез келгені әдемілік сыйлай алады. Ол үшін өзіңіздің де таңдауыңыз маңызды. Биылғы жылдың кешінде жәй ғана толқын беріп бос тастау болып отыр.


Ретро үлгісі – 2019

Жаңа жыл кешінде жұмбақ та ең ерекше жан болуды қаласаңыз, ретро-стиль сіз үшін. Шашыңызды толқындандыра келіп желкеңізге түйіп тастасаңыз, акцентті тек макияжға ғана түсіретін боласыз. Биыл бұл стиль де ерекше сәнде болмақ.


Шашты өру – 2019

Ультра-сәндеу деп аталатын бұл стиль жасалу түрі көптігімен таңғалдырады. Теңіз бақалшығының түрінде, френч-түю, орама, бірнеше өрім жасау сияқты түрлері көп. Бастысы – шаштаразыңыз әдемі өре білсе болғаны. Сіз – жаңа жылдың сәнінде боласыз.


Қысқа шаш – 2019

Қысқа шашты арулар қай жыл болмасын, еркіндігімен көзге түсіп тұратын жандар. Тек бұл жылы қысқа болса да жиектеме жасап, жеке толқындар жасап ерекшелеп жіберуіне болады.

Сондай-ақ, қысқа шаштың өзіне тәж секілді өрім жасау сұлулық сыйлай түсетіні даусыз.

суреттер: ашық дереккөзден

Дайындаған: Қ.Есенбай,

ERNUR.KZ