Әлемдегі ЕҢ ТАНЫМАЛ саябақ ХАЛЫҚ ҮШІН салынған

0
6 411

Билік БАҚ өкілдерінің идеясын қолға алып, онда бай да, кедей де бірдей демала алуы үшін үлкен жұмысты іске асырды.


Әлемдегі ЕҢ ТАНЫМАЛ саябақ ХАЛЫҚ ҮШІН салынған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Нью-Йорктегі Орталық саябақ Америкада ғана емес, бүкіл әлемдегі ең танымал демалыс орны. 341 гектар аумақты алып жатқан саябаққа жыл сайын 25 миллионнан астам адамды қабылдайды екен. Осы көрсеткіштен кейін оны қоқыс толып жататын батпақтың орнына салған деп айта аласыз ба? Әрине, жоқ. Бірақ, іс жүзінде солай болған.

1820 жылдан 1850 жылға дейін Нью-Йорктегі халық саны төрт есе өсіп, бүтін бір елдің қаржылық және өнеркәсіп орталығына айналғанымен қоғамдық демалыс орындары болмаған. Қала шегі 39 көшемен аяқталған. Ал қала сыртында шошқа бағатын фермерлер тұратын ауқымды батпақты аймақ болған. Сонымен атышулы саябақтың қалай пайда болғанын білу үшін тарихқа оралайық.


Шошқа фермалары орналасқан батпақ

1857 жылдың 2 тамызында Нью-Йорк қаласының басшылығы аталған баипақты тазартуға бұйрық береді. Онда шошқа фермалары мен кедейлердің шұңырлары болды, сонымен қатар ол аймақ бұрын полигон болғандықтан арамшөптен көз ашпаған. Тіпті басында ол жерді сатып алуға көп қызығушылық та болмаған көрінеді. «Егер, ол жердің саябақ болу және болмауы деген пікірталас жалғаса беретін болса, көп ұзамай бүкіл аумақ құрылысқа берілетін еді» - делінген кей деректерде.



"Өлімге жетелейтін жер»

Сонымен, 1857 жылы қала билігі өткізген конкурс нәтижесінде ол жерді американдық Фредерик Олмстед және ағылшын Калверт Вокс деген сәулетшілер жеңіп алады. Бірақ, олар бұл жерді ұтқанына қуана қоймаған секілді. Себебі, олар жұмысты бастар кезде батпаққа белшесінен батып жүрді. Тіпті, саябақтың бас сәулетшісі лауазымына тағайындалған Фредерик Олмстед «бұл өте қауіпті жер. Мұнда сіз алапес ауамен бірге қоқыс түтінін жұтасыз" – деп жазған. Бірақ олар бизнеске білек сыбана кірісті.



Саябақтың бас жоспары

Сәулетшілер мұнда ағылшын үлгісіндегі саябақ құруды ұсынды, онда көптеген жолдар, бақтар, төбелер мен тоғандар болды. Бірақ басты идея бұл емес еді. Бұл саябақ тұрғындардың барлық топтарын — ақсүйектерді, орта тапты, жұмысшылар мен кедейлерді біріктіруі керек еді. Өйткені оған дейін Нью-Йорктегі саябақтарға тек ауқатты азаматтар ғана бара алатын болған. Аталған әлеуметтік теңсіздік қала билігін алаңдатқан екен. Сондықтан Орталық саябақ демократиялық ұстанымдар мен бостандықтың көрінісі болуы керек еді. Бұл сөзбен ғана емес, саябақты жобалау кезінде де ескерілді. Мысалы, жұмысшылар мен кедейлер жүретін жаяу жүргіншілер жолдары және бай азаматтардың ат арбаларына арналған жолдар қатар салынған. Саябақтың ортасынан кең жаяу жүргіншілер аймағы жасалып, айнала орындықтар орнатылды. Асылында бұл аймақ түрлі таптағы адамдардың қарым қатынас жасауына қызмет етуі керек еді.

Сондай-ақ, саябақ салу үшін осы қолайсыз жерде өмір сүрген 1600-ге жуық адамды үйінен шығаруға тура келді. Олардың арасында Сенека ауылының тұрғындары, африкандықтар мен американдықтар тұратын ірі елдімекен және сол адамдарға арналған мектеп пен үш шіркеу болған. Дегенмен, қала билігі ондағы жер иелеріне әр жер учаскесі үшін орташа есеппен 700 доллардан төлеген.


9 миллион доллар

Бұл саябақ 1857 жылдан 1873 жылға дейін 16 жыл бойы салынды. Нью-Джерси штатынан 14000 м3-тан астам құнарлы топырақ әкелінді, өйткені бұл аумақтың жер бастапқы жоспарда қарастырылған көптеген ағаштар, бұталар мен басқа өсімдіктерге жарамсыз болды. 1400 түрлі 4 миллионнан астам өсімдік, ағаштың 402 түрі, мәңгі жасыл желек пен бұталар отырғызылды.

Деректерге сүйенсек, жұмысшылар саябақ аумағындағы тастарды жару үшін 260 тонна зеңбірек қолданып, барлық қоқысты тазарту үшін жылқылар отыз мың шақырым жүріп өткен. Құрылыстың құны да қомақты болды. Саябақ құрылысына бастапқыда 1,5 млн доллар бөлінгенімен, 1859 жылға қарай шығын 1,7 млн доллардан асып түсіп, бұл ақшамен саябақтың тек төменгі бөлігі ғана аяқталады.Ал, 1870 жылға қарай Орталық саябақтың құрылысы Нью-Йоркке шамамен 8,9 млн доллар шығын әкелді деп болжанды. Құрылыс жұмыстарының басым бөлігін мыңдаған ирландиялық және шотландтық эмигранттар, сонымен қатар Нью-Йорк, Нью-Джерси және жаңа Англиядан келген білікті жұмысшылар істеді. Олар 1,50 доллар жалақы үшін 10-12 сағат жұмыс істеген.


Қарапайым адамдарға арналған атаулар

Сәулетшілер тіпті демократия идеясының аясында саябаққа кіретін әр бөлікке атаулар ойластырған. Алдымен олар ұлы адамдардың, әскери шайқастардың, штаттардың атауымен атағысы келді, содан кейін барып қарапайым адамдардың кәсібіне арнады. Соның нәтижесінде саябақта қақпаларға ғалым, суретші, қолөнерші, саудагер, фермер, аңшыл, кенші, орманшы, инженер, өнертапқыш пен әскери қызметкерлердің және т.б. қақпалары пайда болды. Ал таза су 100 шақырымнан астам қашықтағы Кротон өзенінен тоннельдер арқылы тартылды. Кәріз жүйесі мен судың жеткіліксіз болуына байланысты жұқпалы аурулардан зардап шеккен қала үшін бұл өте тиімді амал болды.


Ел игілігіне

Негізінен Орталық саябақтың алғашқы бөлігі 1859 жылы желтоқсанда ашылып, 1865 жылға қарай саябақ жылына жеті миллионнан астам келушілерді қабылдады.

Бұл саябаққа ерекше көңіл бөлінгенімен, бір жағынан қаржы ресурстарының азаюына алып келді. Десе де, бюджет шектеулеріне қарамастан дами берді. Ал, 1871 жылы орталық саябақтан хайуанаттар бағы, 1926 жылы балаларға арналған алғашқы ойын алаңы ашылды. 1940-шы жылдары мұндай ойын алаңдарының саны жиырмадан асты. Содан кейін көңіл көтеретін клубтар да саябаққа кіруге рұқсат алады.


Құлдырау мен шарықтау

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуалдың әсерінен саябақ жұмысы тұралап қалған. Кейбір деректерде «бұл Нью-Йорк қаласының ыдырауының белгісі болды» - делінген. Алайда, саябаққа деген қоғамдық қызығушылықты қалпына келтіру үшін көптеген митингтер өткізілген. Нәтижесінде 1980 жылдары қоғамдық мүдденің артуына орай рок-концерт сияқты ауқымды қоғамдық жиындар өткізіле бастады. Бүгінде Нью-Йорк қаласының сегіз миллионнан астам саябақта демалумен қатар, концерт, фестиваль сынды ойын-сауық бағдарламаларын тамашалап, таза ауады спортпен шұғылдана алады. Мұның барлығы ең алдымен экология мен қаланың қарбаласынан шаршаған адамдарға жайлы жағдай жасау үшін атқарылған ғасыр құрылысы деп айтуға болады.


Орталық саябақ жайлы қызықты деректер де жеткілікті:


  • Манхэттендегі Орталық саябақ идеясы 1840 жылдары журналистердің жергілікті газетте жариялаған

мақалаларының күшімен пайда болды. 1853 жылы қала билігі жасыл аймақты салуға жер бөлді.

  • Топырақ тасымалдау кезінде жұмысшылар ерекше жәндік тапқан, осылайша саябақтағы ағаштардың құлаған жапырақтарында өмір сүретін nannarrup hoffmani жәндігінің жаңа түрі ашылды.

  • Көлемі 341 гектар болатын саябақтың аумағына екі Монако қаласы сыяды.

  • Саябақтың басым бөлігі жасанды түрде жасалған, бірақ оны бір қарағаннан байқау мүмкін емес.

  • Ұлттық парктің аумағында барлығы 25 мың ағаш, 7 су қоймасы, 550 000 шаршы метрден астам орман алқабы, 1 млн шаршы шақырымнан астам көгал, 100 шақырым жаяу жүргіншілер жолы, 36 арка мен көпір бар.

  • Нью-Йорк қаласының атмосферасына ену үшін кез келген адам бірнеше маңызды орындарға бару керек, олардың арасында Орталық саябақ алдыңғы орындардың бірін алады. Сондықтан аты әлемге әйгілі демалыс орны жайлы көп ізденген артық болмайды. Кім білсін, бір күні сіздің де жолыңыз түсер.

Дайындаған:Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


2021 жылы жаһандық туризм қалай өзгереді? Қызықты болжам


5300 жастағы мумияның асқазанынан құймақ табылған