«Игра престолов»: Сериал түсірілген алаңдар ТУРИСТЕРДІҢ КӨП БАРАТЫН жеріне айналған

0
4 897

"Тақтар ойыны" сериалының түсірілімі көптеген елде түсірілген.


«Игра престолов»: Сериал түсірілген алаңдар ТУРИСТЕРДІҢ КӨП БАРАТЫН жеріне айналған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көпшілікке танымал «Тақтар ойыны» сериалы әлемнің бірнеше елінде түсірілген. Оның ішінде туристердің қызығушылығын оятатын көрікті жерлер де баршылық.


"Тақтар ойыны" сериалы Еуропа мен Африканың туризм саласы арқылы экономикасын көтеріп отырған ең көрікті жерлерінде түсірілген. Тіпті, осы кино түсірілгеннен кейін көптеген экскурсия жасалып, танымалдылығы арта түскен орындар да бар.


ХОРВАТИЯ

"Тақтар ойыны" Хорватия үшін нағыз сыйлық болды. Өйткені, 2010 жылы бұл елге 8 миллион турист барса, 2013 жылы яғни "Тақтар ойынының" түсірілімі басталғаннан екі жыл өткен соң бұл көрсеткіш 184 миллионға жеткен! Демек аталмыш сериал Хорватияның туризміне тың серпін сыйлады. Дубровник мэриясының мәлімдеуінше, бұл қалаға келетін шетелдіктердің саны соңғы бірнеше жыл сайын 10%-ға өсіп отырған. Ол туристердің жартысы сериал түсірілген жерлерді көруге құмбыл болады екен. Тіпті, қала билігі темір тақтың түпнұсқасын сатып алып, Локрум аралындағы монастырға орнатып қойған.

Бірақ, бұл пайданың зияны да болды. Атап айтқанда, көне қалаға келушілер саны күрт көбейіп, инфрақұрылымға қауіп төндіреді. Оның үстіне Дубровник ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне кіреді және ұйымның талабына сай, қалаға келушілер саны күніне 8000 адамнан асса, нысандар мұра тізімінен шығарылады. Одан бөлек, тұрғындар да өздері мекендейтін жердің туристік орталыққа айналып бара жатқанын айтып шағымданған. Сондықтан қала билігі туристердің келуіне шектеу жасап, күніне 4 мыңнан аспайтындай ереже шығарған көрінеді.


«Тақтар ойыны» түсірілген көрікті орындар:



Дубровник қаласы



Клис



Крка


Шибеник


Минчет мұнарасы


МАРОККО

Мароккодағы түсірілімнің басым бөлігі халқы тығыз орналасқан Эс-Сувейр порты мен тастанды қалаға айналып бара жатқан Айт-бен-Хаддуда болған. Бір кездері керуен саудасының маңызды орталығы болған Айт Бен Хадду бекінісінің онында бұған дейін «Лоуренса Аравийского», «Жемчужины Нила», «Содома и Гоморры», «Гладиатор» және «Царства небесного кинолары түсірілген. Ал, "Тақтар ойынында" қала құл саудагерлерінің шығанағындағы Юнкай жағалауы ретінде түсірілген.

Айт-Бен-Хаддудың шығысында орналасқан Варзазат – үлкен туристік орталық. Онда ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген әскери сәулет ескерткіштері, Мароккода кино түсіретіндерге қызмет көрсететін кино өндірісі орталығы – Атлас киностудиясы бар.

Ал, Эс-Сувейр 1960-1970 жылдары еуропалық партия мүшелерінің қажылық орталығы болған ежелгі сауда порты. Оның ескі бөлігі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген. Мұнда Орсон Уэллс өзінің "Отеллосын", Оливер Стоун "Александрдың" үзінділерін түсірген. Ридли Скотт та "Аспан патшалығының" кейбір эпизодтарын осында түсірген. Ал, «Тақтар ойынында» порт құл саудагерлерінің шығанағы — Астапордың бір қаласы болып, Даенерис жеті патшалықты басып алуға дайындалып жатады.


«Тақтар ойыны» түсірілген көрікті орындар:



Айт-Бен-Хадду


Эс-Сувейра

Варзазат


ИСЛАНДИЯ

Бұл киноның түсірілімі 2009 жылғы қаржылық дағдарыстан кейін Исландия экономикасы үшін құтқарушы фактор болды. Әсіресе, танымал «Тақтар ойыны» түсірілген жерлердегі туризмнің дамуы мол пайда түсірді. Дегенмен, мұздықтар, жылу көздері және аралдың ұлттық парктері танымал болғанымен, Дубровниктегідей жанама әсер де орын алды. Атап айтсақ, 2019 жылы Исландияға 2,4 миллион турист келген. Бұл ел халқының санынан 8 есе көп. Енді олардың медициналық көмекке жүгінуі, жылжымайтын мүлік пен азық-түлікке сұраныстың артуынан бағаның өсуі, ауруханалар мен қоғамдық дәретханалардың қонақтар ағынына төтеп бере алмауын есепке алыңыз. Бұл факторлар міндетті түрде кері әсерін тигізеді. Туризм экономикасының өрлеуінен қымбатшылық пайда болды.


«Тақтар ойыны» түсірілген көрікті орындар:


Гретегия үңгірі

Тингведлир ұлттық паркі


ИСПАНИЯ

Испаниядағы "Тақтар ойыны" түсірілген ең танымал орындар Андалусияда орналасқан. Бесінші маусымның эпизодына енген Кордовада Рим көпірі, ортағасырлық Альмодовар-дель-Рио қамалы осы аумақта орналасқан. Негізі Андалусия экономикалық жағынан Испанияның ең қолайсыз бөліктерінің бірі болып келген. Ал, сериалдың танымалдылығы аталған аймаққа келетін туристер санын өсіріп, табысы молайды. Бірақ, жұмыссыздық деңгейі оң көрсеткішке жете қойған жоқ.

Сондай-ақ, Севилья маңындағы шағын Осуна қаласында бесінші маусымның басты көріністері түсірілген. Соның әсерінен туристердің қаланың тарихи орталығындағы XVI ғасырға жататын ғимараттарға деген қызығушылығы арта түскен. Тіпті, қала билігі мұнда "Тақтар ойыны" импровизацияланған мұражай ұйымдастырып, түсірілімнен қалған артефактілер мен фотосуреттерге толы екі бөлмені жабдықтаған.


«Тақтар ойыны» түсірілген көрікті орындар:

Плаза дель Торос Осунда


Кордовадағы Рим көпірі


МАЛЬТА

Мальта "Тақтар ойыны" түсірілім тобын қабылдап, бір жылдан кейін шетелдіктерден аралдан кетуді сұраған. Өйткені түсірілім тобы ұлттық саябаққа тиесілі көрікті жерлердің бірі — рок алдындағы тас жағажайда орналасқан «Лазурный» терезеге зақым келтірген. Бұған ашуланған жергілікті тұрғындар түсірілімге рұқсат берген MEPA мемлекеттік табиғатты қорғау ұйымын айыптап, оған 36,5 мың еуро айыппұл салынды. Сонымен қатар, билік Мальтадағы барлық түсірілімдерге қойылатын талаптарды қатаңдатуға шешім қабылдаған. Бірақ, әлемдегі ең көрікті орындардың бірінде ол кнодан кейін 20-ға жуық туынды түсірілген.


«Тақтар ойыны» түсірілген көрікті орындар:

Жартасты терезе


СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯ

Біраз жыл бұрын көрікті орынға бай Солтүстік Ирландия туристер арасында танымал бола қоймаған. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойы католиктер, протестанттар мен Британдық армия арасында азаматтық соғыс жүрген. Соғыс ресми түрде 1998 жылы аяқталғанымен, диссиденттік топтардың жеке шабуылдары 2000 жылдарға дейін жалғасты. Ондағы Белфаст қалашығы ұрыс алаңы болып, үлкен мазаратқа айналып бара жатты.

Бірақ, барлығын Northern Ireland Screen ұлттық ұшқыштар агенттігінің өндірісі мен «Тақтар ойынының» бірінші маусымы үшін бөлінген 3 миллион фунт өзгертті. Өндіріске салынған инвестициялар, сериалға қажетті тауарлар мен қызметтерді сату миллиондап пайда әкелді. Қызметкерлердің жалақысы, қонақүйлерді жалға беру, туризм және т.б. экономиканы көтерді. Тақырыптық туризм де қарқынды өсті. Бір киноның өзі 2 миллиннан астам халқы бар аумақта 900-ден астам тұрақты және 5700-ден астам уақытша жұмыс орнын ашты. Одан бөлек, басқа да киноларды түсіруге үсыныс болды. Негізі туристер бұл елге тек кино алаңын көруге емес, өзге де көрікті орындарды тамашалауға барады. Солтүстік Ирландия өте жинақы ел.

1955 жылы құрылған алғашқы мемлекеттік қорық Толлимор паркінде бірінші маусымның басты көріністерінің бірі түсірілді. Ал, Баллинта айлағы екінші маусымда пайда болады. Кушендан үңгірлері де екінші масымда назарға ұсынылады. Сондай-ақ, сериалдағы ең танымал орын – Дарк Хеджес Бук аллеясы.


«Тақтар ойыны» түсірілген көрікті орындар:


Мурлоу шығанағы


Кушендан


Дарк Хеджес аллеясы


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Рамазан айындағы саяхат – Сізге КЕРЕК кеңестер

Рамазан айында ҚАЙ ЕЛДЕРГЕ САЯХАТТАУҒА болады