Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлер - ТОП-5

0
7 848

Ең қымбат қонақүйде суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерге жариялау үшін немесе сыймай жатқан ақшаңызды демалысқа шашу үшін шетелге шығудың қажеті жоқ.


Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлер - ТОП-5

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Ондай жерлер Қазақстанда да жетерлік. Тағы бір айта кететін жайт – біз қонақүйлердегі бағасы өте жоғары, мереке кезінде тым қатты қымбаттап кететін нөмірлерді сөз етеміз. Сонымен, ең қымбат бесжұлдызды 5 қонақүймен таныстыруды бастайық.


5-орын – Radisson, Нұр-сұлтан

Егер, Сіз елордада демалып жүрсеңіз, бірақ ешкім үйіне қонаққа шақырмаса, онда Radisson қонақүйінің «Роял» люксін жалдап алуға болады.

Қонақүй ауласында туристерге арналған қолдан жасалған жағажай және көптеген көңіл көтеретін орындар бар. Ал, бөлмеңізде Сізді туыс-достар емес, гидромассажды ванна, патио және өте дәмді кешкі ас жайылған дастархан күтеді.

Бұл әрекеттерді іске асыру үшін қалтаңызда 1 миллион теңге болса жеткілікті.


4-орын – Hilton, Нұр-Сұлтан

Еліміздің бас қаласындағы саяхат кезінде президенттік люксте бір рет түнегіңіз келе ме? Қаласаңыз, 1,2 миллион теңге дайындаңыз. Ал ақшаңыздың қайтарымы ретінде өте сәнді әрі заманауи сарайдың VIP қонағы боласыз.

Сонымен қатар, өз бөлмеңіздің терезесінен Экспо қалашығындағы әсем көріністерге куә болуға мүмкіндік бар.


3-орын – Rixos Khadisha, Шымкент

Үшінші мегаполистегі бұл заманауи қонақүйдің президенттік люксі өте қымбат.


Сондай-ақ, бұл жердегі қар бөлмесі бар спа-аймағы, бөлмедегі фин моншасы және керемет бассейні көптеген туристерге ұнайды.


2-орын – The Ritz-Carlton, Алматы

Тау баурайындағы бұл қонақүйдің президенттік люксінің бағасы – бір түнге 3 500 000 теңге екен.

Дегенмен, бағасына сай қызмет көрсете алады.


1-орын – The Ritz-Carlton, Нұр-Сұлтан

Ал, Қазақстандағы ең қымбат нөмір – елордадағы The Ritz-Carlton қонақүйінің Президенттік люксі. Мұндағы мерекелік 4 түннің бағасы – 14 миллион теңге болған.

Қонақүйдегі мәрмәр тастар итальяндық ақсүйектердің үйіндегіден де көп, ал тағамдарының дәмі туралы сөз қозғау тіпті артық сияқты.


Қысқасы, Сізге хан сарайындағыдай қызмет көрсете алады.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ

дереккөз: aviasales.kz


Тағы оқыңыз:


Көрші елдерге саяхат – ҚЫРҒЫЗСТАН, ТҮРКІМЕНСТАН және ТӘЖІКСТАН


Әуежайда АБЫРЖЫП қалғыңыз келмесе, МЫНА кеңестерді оқып алыңыз