Бұл тізімнің ішінде Қазақстанның елордасы да бар.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Жаңа заманның ғажайып технологиялары мен адам қиялының ұштасуынан әлем қалалары аз уақыт ішінде қарыштап дамып жатыр. Тіпті, олардың кейбіреулері шағын ауыл немесе шөл дала кейпінен мегаполиске айналып кеткен.
Дубай (Біріккен Араб Әмірліктері)
Дубай – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең керемет қаланың бірі. Ол жердегі ғажайып сәулет жобаларын көріп, таңқалмау мүмкін емес. Осыдан 20 жыл бұрынғы ешкім елемейтін қалашық бүгінгі таңда әлемнің басты туристік орталығына айналып үлгерді.
Сеул (Оңтүстік Корея)
Сеул – Оңтүстік Кореяның басты іскерлік, туристік және мәдени орталығы. Бұл жерде керемет сарай кешендері, будда ғибадатханалары мен зәулім ғимараттар бар. Аталған қаланың мұндай жағдайға жетуіне өнеркәсіп саласының қарқынды өсуі мен технологиялардың дамуы тікелей септігін тигізген.
Лондон (Англия)
Лондон – Ұлыбритания Біріккен Корольдігінің басты саяси және мәдени орталығы болып тұрған Еуропадағы ең көне қалалардың бірі.
Сингапур (Сингапур Республикасы)
Сингапур – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ірі порттар мен сауда-өнеркәсіп орталықтарының бірі. Атап айтсақ, қаланың осындай ғажап өзгерісіне Сингапур Республикасы мен Сингапурдың (астанасы) географиялық орналасуы ықпал еткен. Олай деуіміздің себебі – Қиыр Шығыс елдеріне бара жатқан Еуропа елдерінің сауда кемелерінің барлығы дерлік осы жердегі порттар арқылы өтеді. Өз кезегінде ол экономикалық дамуға зор үлесін тигізеді.
Абу Даби (Біріккен Араб Әмірліктері)
Абу Даби – бұл да БАӘ-дегі ең бай қаланың бірі. Онда Дубайдағыдай аспанмен таласқан ғимараттар болмағанымен, қала архитектурасы өте сапалы далалық үлгіде жоспарланған және сонысымен ерекшеленеді.
Сондай-ақ, Абу-Даби тұрғындарының өмір сүруі қаланың жалпы ахуалына сәйкес келеді: өте қымбат автокөліктер мінеді және Парсы шығанағындағы жекеменшік яхталарында жиі демалады.
Токио (Жапония)
Токио – Жапониядағы аспанмен астасқан биік ғимараттары, сапалы электроникасы және ірі сауда ойын-сауық кешендерімен ерекшеленетін ең жақсы дамыған қала. Сонымен қатар, Токио тарихи жәдігерлері – ғибадатханалар және мұражайларымен таңдандырады.
Торонто (Канада)
Торонто – Канада елінің қаржы орталығы болып есептелетін ең ірі қаласы. Онда CN телевизиялық мұнарасы, Батыс жарты шардағы ең биік мұнара және жер астында орналасқан PATH деп аталатын ең ірі жер асты сауда кешені бар.
Шеньчжень (Қытай)
Шеньчжень – Қытайдың оңтүстігінде орналасқан әлемдегі ең керемет ғимараттардың қаласы. Онда көптеген көрікті жерлер: ерекше саябақтар, этнографиялық ауылдар, сафари-парктер және жағажай курорттары бар.
Нью-Йорк (Америка Құрама Штаттары)
Нью-Йорк – АҚШ-тың шығыс жағалауында орналасқа ірі мегаполис және «Әлем астанасы» деп те атайды. Ол аталған елдің ең қымбат қаласы, ал жер шарының қаржы-экономикалық орталығы болып саналады.
Лос-Анджелес (Америка Құрама Штаттары)
Лос-Анджелес – әлемдегі ойын-сауықтың астанасы. Сейсмикалық жағдайға байланысты қала ғимараттарының басым бөлігін шағын виллалар мен үйлер құрағанымен, сәулеті тәнті етеді.
Сидней (Австралия)
Сидней – табиғаты ерекше сұлу, дамыған, Австралияның ең үлкен қаласы. Ондағы Жерорта теңізімен байланыстыра салынған ғимараттар ерекше көрініс береді.
Рио-де-Жанейро (Бразилия)
Рио-де-Жанейро – сарқылмайтын мереке мен таңғажайып өзгерістер қаласы. Бұл жер экзотикалық өсімдіктер қаптаған жағажайлар және әсем архитектурасымен адамдардың жүрегін жаулап ала алады.
Нұр-Сұлтан (Қазақстан)
Қысқа мерзім ішінде адам танымастай өзгерген қалалардың ішінде Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы да бар. Бұл қала 1998 жылдан бастап Қазақ елінің астанасы болып, 21 жыл ішінде айтарлықтай өзгеріске ұшыраған және сол уақыттан бері ондағы жаңа ғимараттардың құрылысы дамылдаған емес. Қазіргі уақытта қала аумағында зәулім ғимараттар, керемет мәдениет және сауда, ойын-сауық орталықтары мен әдемі сәулет туындылары бар.
Дайындаған: Б.Ерман,
Тағы оқыңыз:
Еуропада туристер үшін ҚАУІПТІ орындар бар