БҰЛ ЕЛДІҢ асханасының ежелгі тағамын Нұх пайғамбардың өзі ойлап тапқан.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Түркия – әлемдегі ең танымал теңіз курорттары орналасқан, тарихы бай, өзіндік мәдениеті, дәмі тіл үйірер тағамдары және басқа да көптеген таңғажайып дүниелері бар ел. Бүгінгі мақалада сол ел жайлы қызықты мәліметтермен бөліскелі отырмыз.
1. Түркия – әлемдегі ең үлкен "ашық аспан астындағы мұражай". Өйткені оның аумағында әртүрлі дәуірлер мен халықтардың көптеген ескерткіштері сақталған. Олардың көпшілігі тарих үшін өте маңызды. Мысалы, Түркиядан ең көне болып саналатын алғашқы қалалық елді мекен табылған (бүгінде ол Палестинадағы Иерихонға тиесілі). Орталық Анадолыдағы Чаталхейк қалашығы неолит дәуірінде, шамамен б.з.д. 7400 жылы құрылып, б.з.д. 5600 жылы, яғни қола дәуірінің басталуына дейін өмір сүрген. Сондай-ақ, аты аңызға айналған Троя қаласы да қазіргі Түркия аумағынан табылған.
2.Әлемнің жеті кереметінің екеуі Түркияда. Олар – Эфестегі Артемида храмы (б.з.д. 560 ж.) және Галикарнастағы кесене (қазір Бодрум, б.з.д. 351 ж.). Біздің заманымызға дейінгі 356 жылы грек құдайының құрметіне арналған ғибадатхананы Герострат өртеп жіберіп, кейіннен Александр Македонский қалпына келтіреді. Бүгінде ол ғимараттың бөліктері ғана сақталған (төмендегі суретте). Ал, биіктігі 45 метр болатын кесене Мавсол билеушісінің қабірі болған. Жер сілкінісінің салдарынан оның іргетасы мен бөлшектері ғана қалған.
3. Санта-Клаус деп аталатын әулие Николай қазіргі Түркия аумағында орналасқан ежелгі Патара қаласында (шамамен 270) дүниеге келген екен.
4. Стамбул 2000 жылдан астам уақыт бойы үш империяның астанасы болған: Рим (содан кейін ол Византия деп аталады), Византия (Константинополь – бұл атау ресми түрде 1930 жылға дейін созылған) және Осман (түріктер оны Истамбул деп атады). Бірақ, 1923 жылы империя құлап, республика жарияланғаннан кейін астаналық мәртебесінен айырылған. Дегенмен, Стамбул әлі күнге дейін Түркиядағы ең үлкен қала болып саналады.
5. Адамзат тарихындағы алғашқы ислам университеті Түркияның оңтүстік-шығысындағы әлемдегі ең көне қалалардың бірі Харран қаласында (б.з. д. VI мыңжылдықта құрылған) құрылған. Ол Киелі кітапта айтылған. Жазбаларға сәйкес, дәл осы жерде иудаизм, христиан және исламдағы басты тұлға Ыбырайым пайғамбар өмір сүрген.
6. Француз, қытай тағамдарымен қатар, түрік тағамдары да әлемдегі ең алуан түрлердің бірі болып саналады. Мәселен, Еуропадағы ең танымал дәстүрлі тағам –донер кебаб, десерттер – баклава мен лукумды біздің де жиі тұтынатынымыз жасырын емес.
7. Қарт адамның қолын сүю – Түркияда құрмет көрсетудің дәстүрлі белгісі.
8. Түркиядағы қоғамдық ғимараттардың көпшілігінің төбесінде қара нұсқау белгісі(стрелка) бар. Олардың барлығы Меккеге қарай бағытталған. Сондықтан барлық мұсылмандар дұға жасау кезінде осы бағытқа бет бұрады.
9. Түркия әйелдерге дауыс беру құқығын берген алғашқы ел. Түріктер бұл шешімді Америка Құрама Штаттары мен Еуропаның көптеген елдерінен бұрын 1926 жылы шығарған.
10. Библиялық аңызға сүйенсек, Нұх пайғамбардың кемесі Түркияның шығысындағы Арарат тауына жақын тоқтаған. Оның қалдықтары осы аймақта әлі де сақталып тұрған көрінеді. Алайда, аты аңызға айналған кемені іздеуге қанша археологиялық экспедиция жасалса да, оның бар екендігі туралы нақты дәлелдер әлі табылған жоқ.
Түркия жерінің 97%–ы Азияда, ал 3%–ы Еуропада орналасқан. Ал Стамбул – екі құрлықта орналасқан әлемдегі санаулы қалалардың бірі.
Жерорта және Эгей теңіздерінің жағалауындағы көптеген түрік жағажайларына "Көк ту" – ең жақсы және таза жағажайларға берілетін жыл сайынғы ең жоғары халықаралық марапат берілген. Мұндай марапаттар саны бойынша Түркия Испания мен Грециядан кейінгі әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіреді.
Ашуре атты түрік асханасының ежелгі тағамын Нұх пайғамбардың өзі ойлап тапқан деп саналады. Ол бұршақ, кептірілген өрік, жасымық, мейіз, пісте мен жаңғақ суға малынып, қант қосылып араластырылатын, ұзақ уақыт үлкен мыс қазанда қайнатылатын тағам. Аңыз бойынша, дүниежүзілік су тасқыны кезінде кемеде аштық басталып, Нұх пайғамбар кемеде қалған осы заттарды бір қазанға салып, барлығын тамақтандырған делінеді.
Стамбул тюнелі – қаланың еуропалық бөлігінде орналасқан жерасты өткелі. 1875 жылы ашылған нысан Лондоннан кейінгі ең көне жерасты жолы болып саналады. Ол бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп тұр.
Кей деректерге сүйенсек, Нидерландия мен Шымкенттің символы саналатын қызғалдақтар Түркиядан шыққан. Әлбетте, алғашқы қызғалдақты қайда, қашан және кім өсіргені белгісіз. Бірақ бұл гүлді танымал еткен және оның Еуропада пайда болуына ықпал еткен османдықтар екені жазылған.
Әлемдік жаңғақ өндірісінің 70%-дан астамы Түркияға тиесілі.
Әлемдегі ең үлкен және көне жабық сауда орталықтарының бірі – Стамбулдың үлкен базары. Ол 1455 жылы Османлы Константинопольды жаулап алғаннан кейін пайда болған көрінеді. Ғасырлар өте келе ол базар 66 көшеден тұратын, 4000-нан астам дүкені бар лабиринтке айналған. Алып жатқан жер аумағы 31 шаршы шақырым шамасында екен.
Әлемде тек түрік тілінде теңіз суының жарқылын білдіретін арнайы сөз бар екен, ол – "якамоз". Бұл сөз 2007 жылы Берлинде өткен «әдемі сөздер байқауында» әлемдегі ең әдемі сөз деп танылған.
Тарихтағы алғашқы христиан шіркеуі Антиохияда (Түркияның оңтүстігіндегі Актания қаласы) салынған. Ол қарт таудың жартасындағы үңгір ғибадатхана. Бұл нысанның қалдықтарын зерттегендер олардың IV-V ғасырларға тиесілі екенін айтқан.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Дүниежүзінде Coca-Cola сатылмайтын БІР-АҚ ЕЛ бар!
Барлық индонезиялықтар жоғарғы 6 ТІСІН ЕГЕП не ЖҰЛЫП тастайды. Себебі...