САЯХАТ МИСТИКАСЫ: Кәдесыйдың ТЕРІС ӘСЕРІН білесіз бе?

0
3 133

Туризм – қызықты әрі мистикаға толы сала.


САЯХАТ МИСТИКАСЫ: Кәдесыйдың ТЕРІС ӘСЕРІН білесіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Біз бүгін саяхаттаған жерден сатып алатын кәдесыйлар мен естелік заттар жайлы сөз қозғамақпыз. Яғни, біз атап өткен кәдесыйларды сапарда сатып алып, үйіңізге апармағаныңыз абзал. Неліктен?


Көптеген саяхатшылар достары мен туыстарын қуантуға тырысып, барлығына сыйлық ретінде талисман, тұмар, брелок сынды заттарды сатып алады. Алайда, бұл кәдесыйлардың барлығы бірдей жақын адамдарыңызға жақсылық сыйлай бермеуі мүмкін. Мысалы, өзге елдерден алынған затты сыйлағасын, сол отбасының мүшелері түгелдей дерлік бәле-жалаға тап болған деректер бар. Бұл ғылыми түрде дәлелденбесе де, халық арасындағы наным-сенімдерге байланыстырылып айтылады.


Теңіз сыйлықтары

Кейбір саяхатшылар жағажайдағы демалысынан тастар мен қабыршақтарды естелік ретінде алып, үйіне келгесін сол заттарға қарап өткен уақытты есіне түсіріп отырады. Расында, бұл адамдарға мотивация береді екен. Дегенмен, ол естеліктердің бір күні ұмытылатыны белгілі. Бірақ, солардың кейбірі елеусіз зат болып тұрғанымен, адамның өмірлік энергиясын жұтып алатыны жайлы жиі айтылады. Егер сіз мұндай заттардың үйіңізде тұра бергенін қаласаңыз, тұзды суға бірнеше сағат салып қою қажет. Сонда олардың теріс әсері жойылатын көрінеді.


Мүсіндер және көне монеталар

Бейресми деректерге сүйенсек, саяхатта сатып алған кейбір құстар мен жануарлардың мүсіні үйіңізге қиындық әкеледі. Мысалы, артқы аяғын бүгіп, аузын айқара ашып отырған иттер мен арыстандардың мүсіні зұлым рухтар мен қиындықтарды тартуға арналған магниттердің бір түрі болып саналады екен.

Ескі монеталарға келетін болсақ, биоэнергетика мамандары мұндай монеталарды алған адам қымбат заттарын жоғалтуы мүмкін екенін айтады.


Бет-әлпеті анық бетперделер мен қуыршақтар

Адамдардың шынайы бейнесі бар бетперделер оны таққан адамның бойына жағымсыз энергия сіңіруі мүмкін екен. Ал, кей қуаршақтар бір кездері сиқырға қолданылғандықтан, оларды да белгісіз орындардан сатып алу жақсылыққа апармайтыны айтылып жатады.


Салттық музыкалық аспаптар

Түрлі ұлт пен дін өкілдеріне тән кейбір музыкалық асспаптардың түпнұсқасын ешқашан сатып алмаған жөн. Өйткені, оларға қатысты да «адамға кері әсер етіп, үйдің берекесін кетіреді» деген пікірлер көп айтылған.


Брелоктар және діни заттар

Кез-келген діни заттар, тіпті репродукция болсын, құрметпен қарауды қажет етеді. Сондықтан сарапшылар мұндай заттарды сөмкеге, көлік салонына қоюға болмайды деп есептейді. Сонымен қатар, олардың теріс әсері де болуы ықтимал. Сосын, шіркеу шамдары мен хош иісті заттарды да сыйлық ретінде сатып алмаған абзал.


Белгілі бір жануарлардың терісі

Егер сіз кенеттен Шығыс базарларына барып қалсаңыз, жыртқыш аңдардың терісінен жасалған бұймдарды да кездестіресіз. Бірақ, бұл заттардың кейбірі сізге бақытсыздық әкелуі мүмкін.


Теріс әсерді азайтуға бола ма?

Егер біз атап өткен заттар үйіңізде бар болса, тезірек теріс энергиядан арылуға тырысыңыз. Ол үшін заттарды тұзды суға бірнеше күн бойы салып қоюға болады. Ал, мүсіндер, картиналар мен қуаршақтардың көзін тіке қарамайтындай, тіпті адам көрмейтіндей етіп қойған жөн.


Әлбетте, кез келген елден кәдесый сатып алуға болады. Бірақ, біз айтқан ақпараттар да есіңізде жүрсін.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Туристер үшін ЕҢ ҚАУІПСІЗ ЕЛДЕР анықталды


Саяхаттың сәтті өтуіне ЖОЛДОРБАНЫҢ ДА әсері болады