Табиғаттағы демалыс та ҚАУІПТІ!

0
4 794

Көктем мен жаз мезгілі басталып, күн жылынғанда көптеген адамдар, әсіресе қала тұрғындары күйбең тіршіліктен бір сәт алыстап, таза ауамен тыныстау үшін табиғатқа демалысқа шығады.


Табиғаттағы демалыс та ҚАУІПТІ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Табиғаттағы демалыс - бұл шын мәнінде жандүниені таза ауамен сергітуге мүмкіндік алатын, суға жүзіп, түрлі ойын ұйымдастырып, дәмді кәуәп пісіретін керемет сәт. Бірақ, кейде көкке шыққан адамдардың денсаулығы сыр беруі мүмкін. Сонда, табиғатта демалудың қандай қауіпті тұстары бар және неден сақтану қажет?


Шомылуға құмар жандар...

Жыл сайын мыңдаған адамдар табиғи су айдындарында шомылу кезінде қаза болады. Мұндай жағдайға ұшыратудың негізгі себебі ішімдік пайдалану екен және бұрын көрмеген, тыйым салынған жерлерде шомылу. Мойындау керек, кейбір тәуекел етуге құмар жандар терең суға, үлкен су қоймаларына сүңгіп кетіп жатады. Оның соңы қайғылы жағдайға ұшыратып, демалысты сол жерден тоқтатуы мүмкін.

Негізі, мүмкін болса құтқару қызметі бар жағажайларда шомылған абзал. Сонымен қатар, түсетін судың температурасы +20-дан кем болмауы керек. Себебі суық судан түрлі қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Мысалы, дененің құрысып қалуы.


Күннің ыстығынан сақтаныңыз

Барлық адам күннің астында баскиімсіз ұзақ уақыт (20 минуттан артық) жүрудің қауіпті екенін білетін шығар. Дегенмен, осы бір қарапайым қауіпсіздік шарасын елемейтіндерді жиі байқаймыз, ал бұл күннің ыстығынан соққы алуға себеп болады.

Ыстық ауа райында әрқашан өзіңізбен бірге сусындар ала жүріңіз (бірақ алкогольдік ішімдіктер зиянын тигізеді). Ол ағзада су жетіспеушілігін болдырмайды. Сондай-ақ, денеге де ауа өтуі оңай материалдардан тігілген киім киіңіз. Күннің температурасы жоғары болса, уақытты көлеңкеде көбірек өткізіңіз.


Тамақтану

Бұл ретте ең жиі кездесетін қауіп –улану. Өйткені табиғаттағы демалыста, әдетте, гигиена ережелеріне немқұрайлы қарайтындар көп болады. Ал жуылмаған қолмен тамақ ішу ас қорыту жолдарының қиындықтарына әкелуі мүмкін. Егер қолыңызды үйдегідей жууға мүмкіндік болмаса, онда ылғал майлықтарды пайдалануға болады. Бұл әсіресе балаларға қатысты.

Өзіңізбен бірге майонез және қаймақ қосылған салат алмауға тырысыңыз. Жуылған, кесілмеген көкөністер мен жемістерді қолданған жөн. Егер тасымалданатын тоңазытқыш болмаса, онда сүт өнімдерін де алмаған дұрыс.

Сондай-ақ, бейтаныс саңырауқұлақтар мен өсімдіктерді тұтынбай-ақ қойыңыз.


Найзағайдың қатері

Көктем мен жаздың кей күндері аспан бұлттанып, найзағай ойнап тұратыны қалыпты құбылыс. Алайда, найзағай жарқылдаған кезде қорғансыз жерде болып, ағаштардың астына жасырынуға және суға шомылуға болмайды. Сонымен қатар, ұялы телефонмен сөйлесу, тіпті оны және басқа да электрондық құралдарды немесе металл заттарды қолға ұстау қауіпті.


Зиянды жәндіктер

Жәндіктер – ормандарда, егістіктерде, су айдындарында, жалпы барлық жерде өмір сүреді. Ал, олар адамдарды шақса жағымсыз жағдайлар орын алып, демалыс кезінде елеулі зардаптарға ұшыратуы мүмкін. Әсіресе кенелердің шағуынан көптегене адамдардың денсаулығына зақым келіп жатады. Табиғатта алаңсыз демалуды қаласаңыз, қажетті сақтық шараларын сақтаңыз.

Сондай-ақ, сұлы, ара сияқты жәндіктердің шағуы аллергияның пайда болуына әкелуі мүмкін. Негізі қанық түсті киімдер, иіссу мен косметика жәндіктерді өзіне тартады. Сондықтан бәрін үйде қалдырған дұрыс.


Жабайы жануарлар

Табиғаттағы демалыс кезінде қандай да бір жабайы жануарлар мен құтырған жыртқыштар шабуылдап, тістесе, дереу жақын елдімекенге барып, медициналық мекеменің көмегіне жүгініңіз. Сондай-ақ, оған жеткенше жараның орнына йод жағып, таңып қойыңыз.

Егер сізге жылан кезігіп қалса, үрейленбеңіз, айқайламаңыз және кілт қоғалыс жасамаңыз. Тістеген жағдайда жараның маңын қысып таңып, уын сорып, сілекейді жерге түкіріп тастау керек. Одан кейін жақын елдімекеннің дәрігеріне барыңыз. Ешқашан жыланның бас пен мойыннан тістеуіне ол бермеңіз. Өйткені ондай жағдайда у денеге бірден тарап кетеді. Оған қоса, дәрі-дәрмек алған артықтық етпейді.


Балаларға қараңыз

Есіңізде болсын, балалар ешқашан қараусыз қалмауы керек. Олар қауіптен құтылып кетуге қауқарсыз, оның үстіне балалардың денесі аса сезімтал болады.

Қарапайым ережелерді сақтап, керемет демалыс өткізіңіз!

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КОРОНАВИРУСҚА дейін: Ең қауіпті індеттер ҚАЙДАН шықты?


Ұлыстың Ұлы күнін ҚАЙ ЕЛ ҚАЛАЙ атап өтеді?