Ұшақта бұл заттарға қол тигізсеңіз не болатынын білесіз бе?

0
3 457

Ұшақ бортындағы ең лас заттар тізімі.


 Ұшақта бұл заттарға қол тигізсеңіз не болатынын білесіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Микробиологтардың зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ұшақтағы ең лас жер әжетхана емес екен. Тіпті, дәретханадан бірнеше есе лас бөліктері де бар. Зерттеушілер ол жерлерден үш мыңға жуық микроб анықтаған. Олардың ішінде тыныс алу жолдарын зақымдайтын, пневмония тудыратын, шырышты қабықты зақымдайтын және басқа да микробтар бар. Ал, адамдардың басым бөлігі дәл осы ұшақтармен саяхатқа шығатындықтан, бұл мәселе туристер арасында өте өзекті. Сонымен, өзіңізді зиянды заттардан қалай қорғауға болады және ұшақта қандай жерлерді ұстамау қажет? Бірге танысамыз.


Алкогольсіз сусындар (шай, кофе, су)

Біраз уақыт бұрын белгілі авиакомпанияның жолсерігі жолушыларды кеме бортында су, шай және кофе ішуден сақтандырған. Оның айтуынша, кей ұшақтардың суға арналған ыдысы ешқашан тазаланбайтын көрінеді. Сондықтан, шөл қысқанда бөтелкедегі суды тұтынған дұрыс екен.


Салонға кіретін есік

Зерттеушілер кей ұшақтардың бортқа кіретін есігінен тыныс алу жолдарын зақымдайтын, пневмония тудыратын, шырышты қабықтың зақымдануына соқтыратын, жалпы адам денсаулығына зиян тигізетін микроорганизмдердің үш мыңға жуық түрін тапқан. Сондықтан, есік жақтауларын ұстамауға тырысыңыз немесе антисептик қолданыңыз.


Орындықтың артындағы қалта

Ұшақ салонындағы ең лас орындардың бірі – орындықтың артында орналасқан қалта. Себебі, ол жерде журналдар мен қауіпсіздік нұсқаулықтарынан басқа, сізге дейін отырған жолаушылар қалдырған әртүрлі қоқыстар мен микробтар болады. Ал, ұшақтың тазалығына жауап беретіндер бұл қалтаны тазалауға құлықсыз болып келеді екен. Яғни кез-келген инфекцияны жұқтыру қаупі өте жоғары. Сақтану үшін қалта мен дененің жанасуына жол бермеңіз, ал қолдану керек болса қолыңызды бактерияға қарсы майлықтармен сүртіңіз.


Жиналмалы үстел

Зиянды бөліктердің тағы бірі – зат қоюға арналған топсалы үстел. Зерттеушілердің айтуынша, оның бетінде мыңдаған бактериялар болады. Тіпті, кей стюардессалар тазалыққа жауап беретін қызметшілердің бұл үстелді дұрыстап сүртуге уақыттары да болмайтынын айтады. Нәтижесінде туристер сол үстелден кез келген инфекцияны оңай жұқтырып алады. Сол себепті жиналмалы үстелді қолданар алдында бетін жақсылап сүртіп, азық-түлікті ыдысқа салып барып қойыңыз. Осы бір қарапайым ережелер сіздің саяхатыңыздың еш кедергісіз өтуіне септігін тигізеді.


Қауіпсіздік белдігі

Қауіпсіздік белдіктерінде де әртүрлі микробтар болады екен. Әлбетте, кез келген жолаушы оны тағып отыруға міндетті. Дегенмен, қауіпті сейілту үшін оны бір таққаннан түскенше ағытпай, қайта-қайта ұстай бермей отыру қажет. Сосын, ауру жұқтырмас үшін қолды ылғал майлықпен жақсылап сүтуді ұмытпаңыз.


Орындық

Ұшақ орындығы да біз ойлағандай тап-таза болмайды. Оларды үнемі сүрткенімен, мінсіз тазалауға уақыт тапшы болатын көрінеді. Тиісінше, сіз отырған орында денсаулығыңызға кері әсер ететін бактериялар мен микробтардың жоқтығына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан, гигиена ережелерін қатаң сақтаған дұрыс. Мәселен, орындыққа отырмас бұрын, оны бактерияға қарсы майлықпен сүртудің өзі пайдалы болмаса, зиянын тигізбейді.


Сенсорлық экран

Көптеген ұшақтар жолаушыларға жайлы жағдай жасауға тырысып, оларға фильм көру немесе музыка тыңдау мүмкіндігін қарастырады. Яғни сенсорлық экран орнатады. Бірақ, бұл құрылғының да бетінде мыңдаған микробтар болатынын біле жүріңіз. Және экранға қол тигізгесін тазалауды ұмытпаңыз.


Көрпе-жастық

Ұшақтағы көрпе-жастықтың да тазалығына ешкіп кепілдік бере алмайды. Мысалы, қай жерге барсаңыз да жастық емес, оның қапшығы ғана жуылатынын көресіз.


Дәретхана қағазы және су жіберу түймесі

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, дәретхананың су жіберетін түймесінен 95000-нан астам, ал дәретханада тұрған қағаздан ода сәл ғана аз микроб табылған. Сондықтан, қандай да бір ауру жұқтырмас үшін дәретханадан шығарда қолды сабындап жуыңыз.



Өзіңізді қалай қорғайсыз?

  • Ұшаққа мінер алдында бактерияны жоятын майлық пен арнайы гель алыңыз және керек кезде қолданыңыз;
  • Ұшаққа мінгесіін жоғарыда айтылған жерлерге қол тигізбеуге тырысыңыз;
  • Шай немесе кофе емес, бөтелкедегі суды тұтыныңыз;
  • Діттеген жерге жеткесін шомылып, таза киім киюді ұмытпаңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚЫЗЫҚТЫ әрі ҮНЕМДІ саяхат: Тәжірибелі туристерден ӨТЕ пайдалы кеңестер


Сенесіз бе? Гитлер туризмнің дамуына МОЛ үлес қосқан