Ұшақтың ЕҢ ЛАС бөліктерін ұстамауға кеңес береміз: Сенсорлы экран, сырғымалы үстел және т.б...

0
1 726

Кез келген жерде кемшілік болатынын ескерсек, көптеген ұшақтардың салонында да сондай лас бөліктері бар. Олар жиналған қоқыстың әсерінен түрлі бактерия жұқтыру қаупі туындайтындықтан, есте сақтап, қол тигізбеуге кеңес береміз.


Ұшақтың ЕҢ ЛАС бөліктерін ұстамауға кеңес береміз: Сенсорлы экран, сырғымалы үстел және т.б...

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Американдық микробиологтардың зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ұшақтағы ең лас жер біз ойлағандай дәретхана емес екен. Олардың бетіндегі бактериялар саны унитаз жиегіне қарағанда бірнеше есе көп болады (шамамен үш мың микроб, арасында тыныс алу жолдарының зақымдануын тудыратын Serratia Plymuthica, ішек таяқшасы, пневмонияның пайда болуын тудыратын клебсиелла, шырышты қабықтың зақымдануына соқтыратындары және т.б. анықталды).


Алкогольсіз сусындар (шай, кофе, су)

Cathay Pacific әуе компаниясының стюардессасы Дерри Лин жолаушыларға су, шай және кофе қолданудың зиянын айтқан. Оның сөзіне сүйенсек, ұшақтағы су толтыратын цистернаны өте сирек тазалайтын көрінеді. «Ұшу кезінде шай немесе кофе ішуден аулақ болыңыз және бортсеріктерден бөтелкедегі сусындарды сұраңыз. Шай мен кофені діттеген жерге жеткенде ішкен дұрыс", - дейді Лин.


Салонға кіретін есік

Салонға кірер есікті тексергенде тыныс алу жолдары үшін қауіпті бактериялар, ішек таяқшасы, микробтар, конъюнктивитке, сондай-ақ сіздің денсаулығыңызға қауіпті үш мың түрлі зиянды микроорганизмдер табылған. Сондықтан есікті барынша ұстамауға тырысыңыз, ал қауіпсіздік шарасын қолданам десеңіз, бактерияға қарсы майлықтар мен арнайы гельді қолданыңыз.


Орындықтың артқы қалтасы

Ұшақ салонындағы ең лас орындардың бірі - ұшақ орындығының төменгі жағында орналасқан қалташа. Оның ішінен көптеген жолаушылар салып кететін түрлі қоқыстардың қалдығын табуға болады және бортты тазалайтын қызметкерлердің басым бөлігі ол жерді мұқият тазаламайды екен. Сондықтан қандай да бір инфекцияны (соның ішінде асқазан спазмы, құсу және диарея) жұқтырып алу қаупі өте жоғары. Осы жерге қол тигізбеуге тырысыңыз, ал тигізіп қойсаңыз бетіңізге жақындатпай тұрып антисептик немесе ылғал шүберекпен сүртіңіз.

Қайырмалы үстел

Зияны өте мол заттардың тағы бірі осы үстел. Оның бетінде 11 мыңдай бактерия болады екен. Өзіңізді қауіпсіз ұстау үшін үстелдің бетін пайдаланғанға дейін антибактериалды сұлгілермен сүртіңіз және оралмаған заттарды қоймаңыз.


Орындықтың бас қоятын жері

Таңқаларлық ақпарат, бірақ бұл жерден де көптеген зиянды заттар табылған. Олардың көпшілігі адам мен жануарлардың ішегінде болатын энтеробактериялар деп аталатын «отбасына» кіреді. Ішек таяқшасы және басқа да микробтарды жұқтырмау үшін өзіңізбен бірге бас астына төсейтін арнайы жастықты алып жүріңіз.


Қауіпсіздік белдігі

Бұл белдік борттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалғанымен, өкінішке қарай оның да бойында бактериялар мен микробтар көп болады. Оның үстіне қауіпсіздік белдігі адам денесіне жасбысып тұратыны тағы бар. Сондықтан лажы болса бұл белбеуді тағудан сақтаныңыз. Сонымен қатар ол денеңізге тигесін ауру тудырмас үшін сүлгі мен гель қолданған абзал.


Ұшақ орындығы

Орындықтар да біз ойлағандай таза емес. Оларды үнемі сүртсе де, рейс арасындағы тазалыққа 15 минут қана бөлінеді де, толық тазаланбай қалады. Сол себепті Сізге бактерия немесе вирустың жоқ екеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан, өзіңіз үшін отыратын орындыққа ылғал сүлгімен тазалық жүргізіп, гигиена талаптарын сақтап жүріңіз.


Сенсорлық экран

Көптеген әуе компаниялары жолаушыларға жайлы жағдай жасауға тырысады, соның ішінде оларға сүйікті фильмді көру немесе музыка тыңдау үшін немесе зерікпеу үшін қойылған сенсорлы экрандар бар. Алайда, көптеген жолаушылар осы құралдың бетінде түрлі бактериялар мен микробтар болатынын естен шығарып алады. Сіз ол экранды қанша адам басқанын білмейсіз ғой. Мүмикін біреуі ауру шығар... Сондықтан гигиена ережелері туралы ұмытпаңыз!

Жамылғы және жастықтар

Бұл заттарды да тап-таза деп айта алмаймыз. Мысалы, жамылғылар әр пайдаланылғаннан кейін жуылмайды екен. Оның нәтижесінде микробтар жиналады. Сондықтан жаурайтыныңызды болжап білсеңіз ұшпай тұрып қамданып алыңыз.


Дәретхана қағазын бекіткіш және су ағызу түймесі

Дәретхананы шаятын суды жіберу тетігін зерттеген кезде 95 000–нан астам микробтар табылған, ал дәретхана қағазын бекіткіште одан сәл ғана аз болған. Бұл бактериялар маңызды инфекциялардың дамуына әсер етуі мүмкін, сондықтан дәретханаға ұшатын немесе қонатын жерде барған жөн. Егер шыдау мүмкін болмаса, дәрет алғаннан кейін залалсыздандыратын құралдарда қолданыңыз.


Өзңізді қорғау

• Антибактериалды майлықтар мен арнайы гель қолданыңыз;

• Аталған лас жерлермен жанаспауға тырысыңыз;

• Шай мен кофеден бас тартып, бөтелкедегі суды қолданыңыз;

• Көздеген пунктке жеткеннен кейін, киген киімді бірден жуып қойыңыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


МИЛЛИОНЕРЛЕР мекеніне айналған аралдың ҚҰПИЯЛАРЫ


Стюардессалардың біз БІЛМЕЙТІН сырлары: ТЕЗ қартаяды, жүкті БОЛА АЛМАЙДЫ...