17 мыңнан астам шымкенттікке коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге берілді

0
730

Өтінімдер 25 маусымға дейін қабылданады.


17 мыңнан астам шымкенттікке коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге берілді

Коммуналдық қызмет шығындарын өтеу бойынша 17 566 шымкенттіктің өтінім қанағаттандырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеп беру қызметі бойынша арнайы communal-komek.kz сайты ашылған. Ағымдағы жылдың 21 сәуірінен бастап ақпараттық жүйесі арқылы 31 975 өтініш келіп түскен.

Шымкент қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған қызмет аясында мамыр-маусым айында жоспарланған 527 млн теңге толығымен игеріліп, 17 566 азаматтың дербес есеп шотына ақша аударылған.

Қалған азаматтардың коммуналдық шығындары шілде айында өтелетін болады.