​285 мыңнан астам шымкенттікке 42 500 теңге тағайындалды

0
710

Бүгінге дейін 274 688 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.


​285 мыңнан астам шымкенттікке 42 500 теңге тағайындалды

285 мыңнан астам шымкенттікке әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылғы 4 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 883 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 285 274 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 249 596 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 285 274 азаматтың ішінде 265 776 өтініштер бойынша, ал, 12 782-сіне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 274 688 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.