Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 3 дана техника жұмылдырылды.
Шымкентте көлікте газ баллон тарсылы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, 26 маусым күні сағат 15:19-да Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Нұрсат 2 шағын ауданы №16 тұрғын үйдің алдында «Kia Rio» маркалы автокөлігінің артқы багаж бөлігінде көлемі 350 мл кішкентай газ балончиктің тарсылы орын алған. Салдарынан 1988 жылы туған ер адам, 1989 жылы туған әйел, 2012, 2015, 2017, 2021 жылы туған жас балалар ауруханаға жеткізілді, оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.
Аталған оқиға салдарынан өрт орын алған жоқ. Алдын ала болжам бойынша күн сәулесінен автокөліктің багажы қызып кеткен.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 3 дана техника жұмылдырылды.