90% күйік шалған: Шымкентте жасөспірім қызды ток соқты

0
778

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті​нің баспасөз қызметі мәлімдеді.


90% күйік шалған: Шымкентте жасөспірім қызды ток соқты

Шымкент қаласында жасөспірім қыз токқа түсіп қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

21 шілде күні сағат 22:46-да Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Анарова көшесі бойындағы темір жолға қарай көтерлетін аспалы көпірден өту барысында белгісіз жасөспірім (жеке тұлғасы анықталуда) жоғары вольтты электр бағанасының электр сымдарына тоққа түскен. Өрт жағдайы орын алмаған.

Жасөспірімді жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Жағдайы ауыр 90% күйік шалған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен 1 дана техника, Жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 дана техника, және Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері мен 1 дана техника жұмылдырылды.