Әбдірахымов зообаққа кіру ақысын төмендетті

0
2 950

Ересектер мен балалардың зообаққа кіру ақысы екі есеге арзандады.


Әбдірахымов зообаққа кіру ақысын төмендетті

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов зообаққа кіру ақысын төмендетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Шымкент Зообағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің қаулысымен билет бағасы бұрынғы 500 теңгеден 300 теңгеге дейін арзандады. Енді Шымкент зообағына кіру билетінің бағасы ересектер үшін – 300 теңге, ал балалар билеті 150 теңге болып белгіленіп отыр.

«Шымкент зообағы халық көп келетін демалыс орындарының бірі. Баға арзандады. Бұдан былай мұнда келушілер саны бұрынғыдан артады. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын үнемі назарға алып отырамыз», - деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.