«Айбын -2021»: Шымкенттің намысын қорғаған жас сарбаздар марапатталды

0
630

Қазан айында басталған дәстүрлі әскери-патриоттық сайысқа биылғы жылы 74 команда тікелей онлайн форматта қатысты.


«Айбын -2021»: Шымкенттің намысын қорғаған жас сарбаздар марапатталды

Шымкент қаласының намысын қорғаған жас сарбаздар марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында онлайн форматта өткен «Айбын -2021» VІІ республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті.
Қазан айында басталған дәстүрлі әскери-патриоттық сайысқа биылғы жылы 74 команда тікелей онлайн форматта қатысып, сайыстың бірнеше түрінен бақ сынады.
«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны – бұл ұлттың қамы, болашақтың баянды болуының кепілі. Отанымыз – басты байлығымыз. Оны қорғау – әр азаматтың міндеті. Осы орайда Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев: «Жақсы дәстүрге айналған «Айбын» әскери-патриоттық жиыны – отаншыл жастарды адал қызмет етуге, ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң» деп атап көрсетті.

Патриоттық жиынның Шымкент қаласы бойынша жабылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері мен жеңімпаз атанған үш патриоттық клубтың 45 мүшесі қатысты.