Жерлесіміз тайландтық қарсыласы Жутамас Житпонгпен жүлделі орын үшін күресетін болады.
Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында шымкенттік спортшы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жайна Шекербекова ширек финалда италиялық Елена Савчукті төрешілер шешімімен жеңіп, келесі кезеңге шықты.
Жерлесіміз тайландтық қарсыласы Жутамас Житпонгпен жүлделі орын үшін күресетін болады.
Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының құрамында 12 боксшы өз шеберліктерін көрсетуде.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова жартылай финалға жолдама алған болатын.