ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: шымкенттік спортшы алтын алқаны олжалады

0
575

Чангвон қаласына 45 елден 600-ге тарта спортшылар жиналып, бақтарын сынауда.


ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: шымкенттік спортшы алтын алқаны олжалады

Шымкенттік спортшы Әлем чемпионатында нысана көздеуден алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оңтүстік Кореяда нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Чангвон қаласына 45 елден 600-ге тарта спортшылар жиналып, бақтарын сынауда.
Корей еліндегі халықаралық жарыстың нәтижесі бойынша шымкенттік Никита Чирюкин топ жарды. Қазақстан құрамасының спортшысы 25 метрлік тапанша атудан алтыннан алқа тағып, еліміздің абыройын асқақтатты.