“Алғашқы жұмыс орны»: Шымкентте жыл басынан бері 80-ге жуық жас жұмысқа жолданды

0
532

Өткен жылы 118 шымкенттік жас аталған бағдарлама бойынша жұмысқа жолданды.


“Алғашқы жұмыс орны»: Шымкентте жыл басынан бері 80-ге жуық жас жұмысқа жолданды

Шымкентте жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған “Жастар практикасы” бағдарламасы мен “Алғашқы жұмыс орны” жобасы тиімді жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Аталған шараларға қызығушылық танытып қатысып жатқан жастар аз емес. Солардың бірі - Динара Мырзақұл. Ол Жетісай медициналық колледжінің түлегі. Шымкентке қоныс аударған ол “Алғашқы жұмыс орны” жобасы барын есітіп, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына келген. Орталық мамандары жас түлектің тиісті құжаттарын жинап, қолына осы жылдың наурыз айында жолдама береді. Қазіргі таңда Динара Мырзақұл қаладағы алдыңғы қатарлы “Кардиомед” клиникасында мейірбике болып еңбек етіп жүр. Ол клиникаға ем-дом алуға келген адамдарды қарсы алып, қан қысымын текеріп, күндізгі стационардағы қаралушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Жалпы, “Алғашқы жұмыс орны» жобасы өз мамандығы бойынша еңбек тәжірибесі жоқ, оқуын жаңадан тәмамдаған жастарды қолдауға бағытталған.
Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісім-шарт жасап, оқу орнын аяқтаған жастарды 18 ай жұмыспен қамтиды. Жұмыстың тең жартысының еңбекақысы субсидияланады.
Өткен жылы 118 шымкенттік жас аталған бағдарлама бойынша жұмысқа жолданса, биыл 200-ден аса жасты жұмысқа жолдау көзделіп отыр. Жыл басынан 80-ге жуық жас жолданды.