​Антикор Шымкенттің мәдениет басқармасының басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

0
1 397

Ведомство бұл оқиғаға қатысты әзірге толық мәлімет берген жоқ.


​Антикор Шымкенттің мәдениет басқармасының басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады, деп хабарлайды ERNUR.KZ informburo.kz-ке сілтеме жасап.

"Иә, сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Толық ақпарат кейінірек хабарланады", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер бөлімінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мекемені Сәкен Шәкеев басқарады.

Ол бұл қызметке 2023 жылдың наурыз айында тағайындалды. Бұған дейін сол бөлім бастығының орынбасары қызметін атқарған.