​Әскери оркестр Шымкент тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

0
474

Рухты көтеретін әуендерге ризашылық білдірген тыңдаушылар қошеметпен қарсы алды.


​Әскери оркестр Шымкент тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының әскери оркестрі Астананың 25 жылдығына орай Шымкент тұрғындарын Арбат алаңында саптық шеруімен және вальс әуендерін тарту етіп, көтеріңкң көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әскери музыканттардың қойылымы плац-концерттен басталды, олар музыкалық аспаптарды шебер меңгеріп қана қоймай, саптық дайындық деңгейін, үйлесімді және нақты қимыладрымен көрсете білді.
Әскери дирижер Жандос Сатимбаевтың жетекшілігімен музыканттар азаматтарға патриоттық әндер мен заманауи әуендердің попурриін сыйға тартты.
Концертті тыңдауға аға буын өкілдерінен бастап сәбилерге дейін жүздеген адам жиналды, көпшілігі отбасыларымен келді. Жастарға танымал фильмдердің саундтректері ұнаса, аға буын өкілдері эстрадалық шлягерлердің әуендеріне қуана қосылды. Оркестрдің өнер көрсетуі Ерболат Құдайбергеновтің "Мен қазақпын" шығармасымен аяқталды.
Рухты көтеретін әуендерге ризашылық білдірген тыңдаушылар қошеметпен қарсы алды.
Айта кетсек, әскери оркестрдің шығармашылық ұжымы – көптеген фестивальдердің, байқаулардың лауреаты, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған шерулердің тұрақты қатысушысы.

Еске сала кетсек, мереке қарсаңызда шымкенттіктер «Астана - ұлы дала Елордасы» атты мерекелік кешті тамашалап, Арбатта шырқалған әсем әндерді тербеле тыңдады.

Күннен күнге көріктене, заманауи жасампаздықпен дамып келе жатқан елорданы ән мен жырға қосқан шымкенттік "Қазына" би ансамблі, қазақ халық аспаптар оркестрі, филармония және әзіл сықақ театрының өнер ұжымы, сонымен қатар өзге де бір топ шығармашылық өнер жұлдыздары сахнада ән мен биден шашу шашып, көрермен қошеметіне бөленді.

Бүгінгі мерекелік көңіл-күй шымкенттіктер мен қала қонақтарын қуанышқа кенелтті.