Автобус жүргізушісі 6 жасар баланы басып кетті

0
1 151

6 жастағы бала ауыр жарақаттар әсерінен медициналық мекемеде қайтыс болды.


Автобус жүргізушісі 6 жасар баланы басып кетті

ERNUR.KZ. Семейде 30 жастағы автобус жүргізушісі қаладан соңғы аялдамаға жете бергенде 2012 жылы туған баланы басып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz порталына сілтеме жасап.

Осыған байланысты Семей қалалық ІІБ жол-көлік оқиғасының «Мұрат» саяжайлар аумағы ауданында 15 шілде күні сағат 17-00-дер кезінде болғандығын мәлімдеді.

6 жастағы бала ауыр жарақаттар әсерінен медициналық мекемеде қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалып, болған оқиғаның себеп-салдары нақтылануда. Медициналық тексеру жүргізушінің оқиға болған сәтте спиртті ішімдіктен таза болғандығын көрсетті.