Азия чемпионаты: Шымкенттік спортшылар 10 алтын жүлдеге ие болды

0
514

22-27 наурыз аралығында өткен құрлық чемпионатында еліміздің спортшылары үздіктер қатарынан көрінді.


Азия чемпионаты: Шымкенттік спортшылар 10 алтын жүлдеге ие болды

Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэде есуден ересектер және жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

22-27 наурыз аралығында өткен құрлық чемпионатында еліміздің спортшылары үздіктер қатарынан көрінді.

Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары 10 алтын, 4 күміс және 8 қола жүлдеге ие болды.
Атап айтқанда, ересектер арасында Татьяна Токарницкая, Ирина Подойникова (төрттік, командалық сайыс) 1000 және 500 метр қашықтықта 1-орын, Татьяна Токарницкая (жұптық, командалық сайыс) 1000 және 500 метр қашықтықта алтын жүлдеге қол жеткізді.
Ал ерлер арасында Сергей Емельянов және Тимофей Емельянов (төрттік, командалық сайыс) 1000 метр қашықтықта топ жарды. Александр Емельянов (командалық сайыс) 1000 метр қашықтықта 1-орын, Тимофей Емельянов (командалық сайыс) 1000 метр қашықтықта 2-орын, Сергей Емельянов 500 метр қашықтықта 3-орынды иеленді.
Сондай-ақ, жастар арасында Никита Кориненко (командалық сайыс) 1000 және 500 метр қашықтықта жеңімпаз атанды. Әділ Тұрсын 500 метр жекелей сайыста күміс жүлде жеңіп алды.